2018 жылдың 11 қаңтарда сағат 12.00-де Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнде «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты тұрақты әрекеттегi архив құжаттарының көрмесi бойынша экскурсия өттi. Экскурсия «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ қызметкерлерi үшiн өткiзiлдi. Iс-шара қатысушыларына экскурсияны ақпараттық-ұйымдастыру бөлiмiнiң археографы Аткожина Д. Е. орыс тiлiнде өткiздi.
Архивтiк құжаттарда 19 ғасырдан бастап бүгiнгi уақытқа дейiнгi Ақмола облысының тарихы баяндалады. Көрменiң басты мақсаты — архив құжаттарының алуан түрлiлiгiн, олардың бiрегейлiгi мен құндылығын көрсету. Құжаттар мәдени және ғылыми құндылығы бар ақпараттық толымдылығы тұрғысынан iрiктелiп алынған болатын.
Көрме 300-ден аса экспонаттарды бiрiктiрiп, олардың арасында қағаз құжаттары, фотоқұжаттар, карта және кiтаптар бар.
Экспозицияға дереккөз ретiнде Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң құжаттары, және Көкшетау, Степногорск қалаларының мемлекеттiк архивiнiң, Солтүстiк Қазақстан облысы мемлекеттiк архивiнiң құжаттары, облысы мекемелерi мен ұйымдарының материалдары пайдаланылды.