A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Ақмола облысының архивінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнде 2016 жылғы 05 қазанда «Ақмола облысының архивiнде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша баспасөз маслихаты өткiзiлдi. Кездесуге мекемелер мен ұйымдардың ведомстволық архив мамандары, БАҚ, Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының өкiлдерi шақырылды.

Ақмола облысының мемлекеттiк архив басшысы Г.Д. Салық өз баяндамасында құжаттарды мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлiмiнiң жұмысы туралы ақпаратты слайд арқылы көрсете отырып, онда мемлекеттiк архив облысымыздың тарихы жөнiнде бiрегей құжаттарды сақтайтыны туралы айтты. Төңкерiстен кейiнгi кезеңдегi болыстық атқару комитетiнiң, комиссариаттың, болыстық тексеру комитетiнiң, уездiк бөлiмдердiң т.б. құжаттары қалай сақталатынына, архив қоймаларының жабдықталуына ерекше мән бердi.

Брифинг барысында Г.Д. Салық архив қорындағы материалдар туралы журналистердiң сұрақтарына жауап бердi.

Баспасөз маслихатынан кейiн қонақтар архив қоймасындағы құжаттар қалай сақталатынын көруге экскурсияға шақырылды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 06.10.2016 16:42

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»