АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Ақпан-Қазан революциялары жөнінде Уалиев Т.А. Ақмола облысы мемлекеттік архиві ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің архивисті

Елiмiздiң Президентi «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында тарихи өткенiмiзге жаңа бағалаулар, сыни көзқарастар беруге шақырды. Осы мақалада ұлтымыздың бойындағы қазiргi заман көшiне iлесе алмай, керiсiнше артқа тартатын дағдылардан бас тарту, мiнезiмiздi қайтадан ширату сияқты күрделi де нәзiк мәселелер қозғалғаны да рас. Әрине ұлттық жаңғыру тарихты қайта қопарып, тарихи оқиғалар мен тұлғаларды, қоғамды және әркiмнен өз-өзiн қайта бағалап, тарихи ой-електен өткiзудi талап етедi.

Бiз барлығымыз балалық шақтанбыз,- деп француз жазушысыАнтуан де Сент-Экзепюриайтқандай, бiздiң бүгiнгi танымымыз, мiнезiмiз, тағдырымыздың қайнар-бастауы тарихта, тарихи оқиғалар қойнауында жатыр. Сондықтанда ұлттық мiнезiмiз бен дiлiмiздi қайта түлету үшiн тарихи оқиғаларды қайта сүзгiден өткiзу аса маңызды болып табылады.

Аталмыш оқиғалардың арасынан осыдан жүз жыл бұрын Ресей Империясы қатарынан екi революцияны басынан кешiрдi. Бiрiншiсi тарихта Ақпан революциясы немесе Ақпан буржуазиялық демократиялық революция деген атпен тарихта қалса, екiншiсi Қазан революциясы деген атауға ие болып, кейде оған Ұлы деген эпитет те қолданылып жатады. Тарихнамада Ақпан революциясы Қазан революциясына дайындық, плацдарм ретiнде қарастырылып, оның көлеңкесiнде қалып, көп айтыла бермейдi. Ал Қазан Революциясы айналасында даулы әңгiмелер мен тұжырымдар толастамай, ескi мифтер жаңа мифтермен астасып, қабылдау, түсiну, түйсiну, ой-електен өткiзу үшiн күрделене, қиындау түсуде. Көпшiлiк оқырмандар мен революция тарихымен қызығушылардың жекелеген бiр бөлiгi үшiн дүние жүзi тарихының адуына терең iзiн салып, артынша iрi геосаяси әрi тектоникалық өзгерiстерге алып келген құбылыс революция емес, төңкерiс ретiнде қабылданады. Қос революцияның жақтаушылары күнi бүгiнге дейiн жетiлiп артылады, және тиiсiнше, олар дүниетанымдық ұстанымдары бойынша бiр-бiрiне оппозияда: бiреулерi ақпан революциясын («февралисты») елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен жаңаруына тежеу болған монархияны құлатып, парламентаризмге жол ашқан,Ресей тарихының ең жұлдызды сәтi деп, либералды құндылықтарды ұстанса, екiншiлерi (октябристы) Қазан төңкерiсi — қазiргi заман тарихы кезеңiнiң бастауы, кейiнгi КСРО-ның барлық әскери-саяси, ғылыми-мәдени саладағы тарихи жетiстiктерiнiң негiзi болды деп есептейдi. Бұл баяғы батысшылдар мен славяновилдер арасындағы дәстүрлi даудың бiр көрiнiсi болып табылады. Ақпан революциясының жанашырлары Ресейдiң өркениеттi Еуропаға кiрiге алмай, оның табалдырығында қалып қоюын, орыс мәдениетi мен экономикасында провинциализмнiң тереңнең бойлауын, осы –Қазан революциясынан, большевиктерден көредi. Бұл жерде айыптаушылардың сөздерiнде негiз бар деп айтуға болады. Шынында да, Н. Бердяев айтқандай сәттi революция ешқашанда болмайды, кез келген революция сәтсiз болады, Қазан революциясы да қан-төгiске толы болды. Миллиондаған адамдар революция құрбаны болып, азап шектi. Елде террор орнап, адам өмiрi мен бостандығы өз құндылығынан айырылды. Қазан революциясы мен Бiрiншi Дүниежүзiлiк соғыс қарсаңына дейiн Ресей империясы басым түрде аграрлы ел болғанымен, өнеркәсiп салалары қарқынды дамып, Ресей лайықты түрде әлемнiң бесiншi экономикасы ретiнде саналатын. Өнеркәсiптiң жекелеген салалары бойынша алдыңғы орындарды иеленiп, алдағы он жыл тұрақты өткенде, Ресей экономикасы жүлделi үштiктен табылуы әбден ықтимал едi. Осы кезеңге дейiн орыс мәдениетi орыс әдебиетiнiң классиктерi — Толстой, Достоевский, Чехов шығармалары арқылы Еуропаға жол салып, Дягилев пен Стравинский Кәрi құрлықта орыс балетiнiң үстемдiгiн орнатады. Сонымен қатар бұлуақыт суретшiлер — Врубель, Коровин, Рерих, Сомов, Серов, Судейкин, М. Шагал, К. Малевич пен композиторлар — Римский-Корсаков, Чайковский, Рахманинов, Мусоргский және т.б. талғампаз еуропалық көрермендердi таңқалдырып, жүректерiн жаулап, Ф. Шаляпин әлемдiк жұлдызға айналған кез едi.Бұл кезеңдегi Ресей империясын — Онегиндiк Ресей деп атауға болады. Ресей Еуропаға, еуропалық өмiр-салтқа ұмтылса, Еуропа Ресейге қызығушылықпен, iлтипат-құрметпен қараған едi. Қазан революциясынан кейiн, Еуропа мен Ресейдiн арасы суып, орыс өркениетi барша әлемнен тыс шеткерi қалып қояды. Күнi кеше ғана басталған «Күмiс ғасыры» кемелiне жете алмай, мерзiмсiз аяқталады. Ресей ендi барша әлем үшiн жабайы азиялық реңкi сақталған, мешеу өркениет мекенiне айналады. Өткен ғасырдың басында осы Қазан революциясы салдарының тiкелейқұрбаны болған Н.Бердяев: «Орыс революциясында жаңа антропологиялық тип жеңiске жеттi. Биологиялық тұрғыда күштi, әлдi адамдардың iрiктеуi жүрiп, олар алдыға түстi. Френч киген, тегiс қырынған, әскери типтегi, екпiндi, билiкке деген жiгерi құмартқан, өмiрдiң алдынғы шебiне бұза-жара енетiн, көп жағдай озбыр әрi арсыз болатын жас адам пайда болды.Оны кез келген жерде кездестiрiп, тануға болады, ол барлық жерде үстемдiк етедi. Ол көлiкке мiнiп алып жолында тұрғанның барлығын iлiп-қағып жұйтқып өтуде, ол жауапты әрi маңызды кеңестiк орындарды отырыстар өткiзiп, адамдарды ату жазасына кесуде. Бұл сырт келбетiмен бұрыңғы революционер типiне аз ұқсайтын немесе оған тiптi қарама-қайшы келетiн коммунист немесе коммунизмге бейiмделiп алған және кеңестiк тұғырнамада тұрған жас адам. Ол өзiн өз өмiрiнiң қожайыны, Ресей келешегiнiң құрылысшысы деп жариялайды. Кәрi большевиктер, орыс интеллигент-революционерлерi осы жаңа типтен қатты қорқады, және оның бойынан коммунистiк идеяның күйреуiн сезедi, алайда олар онымен санасуға мәжбүр. Чекистер де осы жас адамдардың арқасында күшейiп тұр. Бұл — жаңа орыс буржуасы, өмiрдiң қожасы, бiрақ ол әлеуметтiк тап өкiлi болып табылмайды. Бұл ең алдымен жаңа антропологиялық тип», -деп жазған болатын. Бұл жерде философ адамзат баласына жасалған тәжiрибенiң нәтижесi жайында айтып отыр. Большевиктер революция ұрандары болған теңдiк, ұлттардың өзiн-өзi билеу құқығы (соңғысы тек қағаз жүзiнде ғана болып шықты) ұғымдарымен қатар жаңа адам, жаңа қоғам ұғымын ту етiп көтердi. Астам адам, Сверх-человек, Ubermensch идеясы адамзат баласын көптен қызықтырып келе жатқан тақырып, христиандық өркениет екiмыңжыл бойы кемел адам ретiнде Иса пайғамбар бейнесiн ұсынса, Ницше өзiнiң «Зәрдәшт осылай айтқан едi» атты танымал еңбегiндеUbermensch идеясы кеңiнен әрi терең талданып, кейiн оны XX-ғасырда гитлерлiк фашистер бұрмалап, немiс ұлтын «қайта жандандырғысы» келген едi. Бұл астам адам идеясы, оны аңсау әлiкүнге дейiн өмiрщең болып отыр. Голливудтық кинофильмдердегi «Супермен», «Терминатор», «Бетмен», «Өрмекшi адам», «Темiр адам» және т.б. мысал бола алады. В.И. Ленин де К. Маркс пен Ф. Энгельс ойларының iзiмен пролетариат диктатурасын орнатуды мақсат тұтып, әлеуметтiк-экономикалық, әрi мәдени-дүниетанымдық тәжiрибе жасады. Тәжiрибе сәтсiз аяқталды. Лениндi М.А. Булгаковтың повестiндегi профессор Ф.Ф. Преображенскиймен, ал тәжiрибеден өткен шартты «жаңа адамды» Шариковпен салыстыруға болады. Троцкий, Ленин сияқты революция көсемдерi шеттерiнен барлығы интеллектуалдар-оқымыстылар едi, және олар осы революция жолына өздерiмен рухани бiлiмi жағынан деңгейлес адамдар, интеллигенция ередi деп күткен болатын. Алайда, зиялы қауым, соның iшiнде бiздiң Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Мәмбетәлi Сердалин сияқты азаматтарымыз басқа жолды таңдады. Лениннiң интеллигенцияға өшугiнiң бiр себебiде осыдан. Ал, осы лениндерге ерген кiмдер едi? Революцияға ерген адамдар әр түрлi ортадан келген, әртүрлi тағдыр иелерi болды. Бiрақ олардың басым бөлiгiн бiрiктiрген бiр ғана жайт болды, ол — олардың «ендi жоғалтатын ештеңе қалған жоқ» деген ұстаным едi. Әрине, революция, марксизм теориясына сенiп, қаныққан адамдар да болды, бiрақ олар өте аз болды. Қалың бұқара авантюристер мен өмiрлiк принциптерден ада, немесе өмiрде өз орнын таба алмаған, жолы болмаған паупер-люмпендер едi.

Қазан революциясы жақтаушылары революция XX-ғасырды тұтастай бойлап өтетiн, жаһандық маңызы бар құбылыс деп санайды. Шынымен де, Қазан революциясының салдары халықаралық қатынастар жүйесiне терең әрi ауқымды өзгерiстер әкелдi; империя құлап оның орнына жаңа мемлекет орнап, кейiнен бұл мемлекет фашистiк Вермахты құлатып, Шығыс Еуропа елдерiнiң гегемонына айналды. Әлем Батыс (капиталистiк елдер) және Шығыс (социалистiк елдер) болып екiге бөлiндi. Марксизм теоретиктерi «Қазiргi заман тарихы» атты ұғымды ойлап тауып, оны осы Қазан революциясымен тiкелей байланыстырған едi, яғни Қазан Революциясымен жана заман дәуiрi аяқталып, қазiргi заман, қазiргi заман тарихы орнайды.

Бiрақ Қазан үшiн барлығы әуелден оңай болған жоқ. Британдық жазушы, философ әрi тарихшы Томас Карлейль айтпақшы, кез келген революцияны романтиктер ойластырып, фанатиктер оны iске асырады, ал оның жемiстерiн жексұрындар көредi. Революцияны бiр арнада ұстау қиын, тiптi революцияның диiрменi кешегi көшбасшы-көсемдердi үгiтiп, айналдырып әкетуi де мүмкiн. Ұлы француз революциясының платформасын, идеялық базисiн романтиктер — ағартушылар физиократтар мен энциклопедистер мектептерiнiң өкiлдерi В Мирабо, А.Р. Тюрго, П.С. Дюпон де Немур, Д.Дидро, Ж.Ж. Руссо тобы құрса, оны фанатиктер — М. Робеспьер бастаған якобиндiк клуб мүшелерi қан-төгiспен iске асырған болатын. Якобиндiк террор ұзаққа созылмады,ол өзiнiң идеялық көсемдерiн жұтып, М. Робеспьер,Жорж Дантон, Камиль Демулен және т.б.көптеген қайраткерлердiң басы гильотинада алынып, домалап түстi. Ең соңында билiкке, кейiнен тұтас Еуропаны отқа ораған, аласа бойлы корсикандық келген болатын. Қазан революциясы да аталмыш Карлейль триадасының сценарий бойынша басталып, аяқталған едi. Романтиктерi ретiнде А.И.Герцен, Н.П. Огарев және Г.В. Плеханов болса, В.И. Ленин мен Л.Д. Троцкий сынды қайраткерлер оның көздеген мақсаттарына жету үшiн ештеңеден тайынбайтын фанатиктерi болды. Осы азаматтар маңдай терiнiң жемiсiн И.В. Сталин және оның айналасындағылар көргенi жөнiнде айтпасақта болады.

Тарихи оқиғалар уақыт бойынша бiзден қашықтаған сайын, соғұрлым мифтер мен әфсаналарға толып, күрделене түседi.Ақпан-Қазан революциялары осы ауыр да күрделi тақырыптардың бiрi. Тарихтың мұндай iргелi мәселелерi тарихшыдан, зерттеушiден асқан жауапкершiлiк пен қажыр-қайратты және уақытты, жаңа өзгерiстердi талап етедi. Сондықтанда бұл тақырып өзiнiң адал зерттеушiсiн әлi де болса күтуде.


Мақаланың шыққан күні: 21.07.2017 11:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.07.2017 11:39
Яндекс.Метрика