A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Ақмола облысының мемлекеттік архив» КММ «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін және архивтік үзінді көшірмелерді беру» халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы 2023 жылғы есебі

1. Жалпы ережелер 

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Ақмола облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, 020000, Көкшетау қаласы, Әлімжан Баймұқанов көшесі, 23, байланыс телефоны 8 (7162) 26-48-84; 51-24-35.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2023 жылда  тақырыптық және генеалогиялық сипаттағы жеке және заңды тұлғалардың 2696 өтініші орындалды. Соның ішінде: әлеуметтік-құқықтық — 2570. Оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-1403: оның ішінде ХҚКО арқылы — 41, ЭҮП арқылы — 1103; қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 259; орталық мемлекеттік органдардан,  шет елдердегі мекемелерден, жергілікті атқарушы органдардан хат алмасу бойынша – 1167 сұрау салу; тақырыптық сұрау салулар – 67, генеалогиялық сұрау салулар — 59.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: мемлекеттік мұрағат стендінде, мемлекеттік мұрағат сайтында алуға болады, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет — ресурста Көрсетілген www.еgov.kz. мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Мемлекеттік мұрағаттың қызметі туралы есеп көпшілік талқылауға арналған Сайтта және мұрағаттың әлеуметтік желілерінде орналастырылады, онда әрбір тұрғын есепті қарап, түсініктеме қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларға ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізу мақсатында есептік кезеңде 18 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 8 семинар, 4 акция, 2 бейнеролик, 1 телебағдарлама, 3 тікелей эфир.

Өңірлік БАҚ-да және әлеуметтік желілерде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін жақсартуға бағытталған 8 мақала жарияланды. 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) 2023 жылы "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметті орындау бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:

2023 жылы мемлекеттік мұрағатпен "электрондық үкімет" порталы арқылы 1103 қызмет көрсетілді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге жауапты мемлекеттік архивтің мамандары «Мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи жүйелері. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кәсіби дағдыларды (құзыреттерді) қалыптастыру» курсын сәтті аяқтағаны туралы 3 қызметкер сертификаттар алды.

Семинар мемлекеттік қызмет «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» көрсету саласында құжаттарды пайдалану және беру бөлімі басшысы орынбасарының, мамандарының кәсіби құзыреттілігі мен практикалық дағдыларын арттырды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде, оның ішінде волокит және бюрократия фактілерінің жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсіби тәсілді қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін алу туралы халықты хабардар ету ("электрондық үкімет" порталын танымал ету үшін бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және т. б.).  

Комментарии







Очистить данные формы



Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.02.2024 12:45

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»