2019 жылдың 27 наурызында Ақмола обллысының мемлекеттiк архивiнде «Ақмола облысының тарихы архив беттерiнде» атты облыстық мектеп ғылыми-практикалық конференциясы өттi. Осы мектеп конференциясы Ақмола облысындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру аясында өткiзiлдi.
Ақмола облысының мемлекеттiк архивi жанынан құрылған «Жас зерттеушi» клубының қызметi арқасында мемлекеттiк архивте сақталған архивтiк құжаттарды танымал ете аламыз. Отанымыздың тарихын зерделеу және жас ұрпақты тарихтың әртүрлi кезеңдерiнде ата-бабаларымыздың батырлық ерлiктерiн мысалға ала отырып, тәрбиелеу керектiгiн атап өту керек. Осындай мысалдармен патриотизмдi, Отанымызға деген сүйiспеншiлiгiмiздi, өмiр сүрiп жатқан елiмiздi сүюге, құрметтеуге үйрете аламыз.
Облыстық мектеп ғылыми-практикалық конференциясы белсендi түрде өттi, туған өлкенiң тарихын зерделеудiң өзектi мәселелерi және басқа да мәселелер талқыланды.