A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ақмола облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінде ZOOM платформасы бойынша онлайн семинар-кеңес

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2021 жылдың 15 қыркүйегінде «Тұрақты сақтаудағы, жеке құрам бойынша құжаттарға ғылыми – техникалық өңдеу жасау, сақтау мерзімі өткен құжаттарды жоюға акт жасау және ведомстволық архивку тапсыру» тақырыбында слайд көрсету бойынша, онлайн семинар-кеңес өткізді.

          Семинарға басқарманың бөлім басшылары, бас мамандар және жетекші мамандар қатысты.

          Семинарды өткізу барысында Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары және Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің 2020 жылғы 06 қазанындағы сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі бойынша, құжаттарды уақтылы өңдеу мен сақталуына және ведомстволық архивке құжаттарды тапсыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

         Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 9 адам қатысты.

 

 

Мақаланың шыққан күні: 15.09.2021
Қаралым саны: 1836

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»