«Тарих беттерінде» жобасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысының мемлекеттік архиві архивтік материалдар негізінде көптеген жинақтар басып шығарды. Областық архив басылып шыққан кітаптарды кітапханаларға, білім беру мекемелеріне және т.б. пайдалануға тапсырады. Облыстық архивпен Мағжан Жұмабаев ат. облыстық кітапханаға келесі жинақтарды тарту етті: «Люди в потоке истории», «История латинизации казахского алфавита 1928-1941 годы», «Сборник особо ценных документов», «Ақмола облысы архив мекемелерінің ерекше құнды құжаттарының жинағы», «Путеводитель», «Никто не забыт, ничто не забыто», «Қазақстан трагедиясы – ұрпаққа сабақ», «Акмолинская область – прошлое и настоящее», «Хронограф общественно-значимых событий по материалам газеты «Акмолинская правда»», «Хронограф общественно-значимых событий по материалам газеты «Арқа ажары»», «Социалистік Еңбек ерлері», «Книга памяти. Политические репрессии в Акмолинской области. 1919-1954 годы», «Соғыс. Жеңіс. Естелік.», «Ағалардың асу жолдары», «Көкшенің біртуар тұлғалары». Енді жинақтар қалың оқырман қауымына қолжетімді болды.