Социалистiк Еңбек Ерi, Ақмола облысының құрметтi азаматы, «Ижевский» ӨК бас директоры Жангуразов Ибрагим Даутовичтiң 80 жылдығына арналған «Человек труда — патриот своей страны!» фотоқұжаттық көрме бойынша экскурсия
2017 жылдың 19 шiлдесiнде сағат 11.00-де Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнде Социалистiк Еңбек Ерi, Ақмола облысының құрметтi азаматы, «Ижевский» ӨК бас директоры Жангуразов Ибрагим Даутовичтiң 80 жылдығына арналған «Человек труда — патриот своей страны!» фотоқұжаттық көрмесi бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Iс-шараға «Ақмола облысы Ардагерлер кеңесi» ҚБ төрағасы Ғосман Төлеғұл, ауылшаруашылығының облыстық басқармасы жанындағы ардагерлiк ұйымның төрағасы Нұрғасимов А.Н., еңбек ардагерлерi, қалалық және облыстық Ардагерлер кеңесi мүшелерi қатысты. Ардагерлерге экскурсияны ақпараттық-ұйымдастыру бөлiмiнiң басшысы Кукушева Н.Э. және архивист Уалиев Т.А. жүргiздi.