АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры

Ақмола облысы мемлекеттiк архивi
ақпараттық-ұйымдастыру бөлiмiнiң архивистi
Уалиев Т.А.

Бүгiнгi таңда, өткен күндерге көз жүгiрткен кезде, бiздiң бойымызда сан-алуан сезiмдер билейдi. Бiз жадымызда және келер ұрпақтың жадында мәңгiлiк қалмақ тарихи оқиғалардың куәгерi болғанымызды түсiнiп отырмыз. Бұ бiздiң мемлекеттiлiгiмiздiң iргетасы қаланып, жаңарған Қазақстанның Елтаңбасы, Туы және Әнұраны жасалып, бiз бұрын өмiр сүрген қоғамдық құрылыстан түп-тамырымен ерекшеленетiн, бiз үшiн түбегейлi түрде жаңа болып табылатын қоғамның алғашқы заңнамалық негiздерi құрылған күндер болып табылады.

1991 жылы бiз көптен күткен тәуелсiздiкке қол жеткiздiк. Жаңа тәуелсiз Қазақстан Республикасы мемлекеттiнiң орнауы бiзге өзiмiздiң дербес рәмiздерiмiз — ту, елтаңба және әнұранды құру мiндетiн қойды. Өйткенi, Қазақстан Республикасы Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасының мұрагерi болғанымен, жаңа мемлекет кеңестiк рәмiздердi пайдалана алмады. Бұрыңғы территория мұраға қалып, онда тұратын халық сақталды, бiрақ ондағы мемлекет, оның саяси жүйесi, идеологиясы өзгердi, және оның үстiне қоғамдық сана да өзгерiске түстi.

Қазақстан посткеңестiк кеңiстiкте алғашқы болып,реформаларды қолға ала отыра Н.Ә. Назарбаев бастаған саяси элита өз ерiк-жiгерi мен көрегендiгiн барша әлемге таныта алды. Қазақстан тәуелсiздiгiнiң бiр жылдығын тойлауға арналған мақаласында Н.Ә. Назарбаев «…бұл қысқа уақыт кезеңiнде бiздiң басымызға түскен бұрын-соңды болмаған өзгерiстермен байланысты болған оқиғалар бiрiнiң үстiне бiрi қабаттасуда. Алайда, бiз барлық қиыншылықтардан өтiп, қиын да белгiсiз жолдарды жүрiп өткен ұрпақтар қатарында болу бақытына иемденгенiмiз үшiн тағдырға алғыс айтатынымызға сенiмдiмiн». Сонымен бiрге ол «Мемлекеттiк рәмiздер — бұл бiздiң мемлекетiмiздiң, егемендiгiмiздiң мызғымас негiздерiнiң бiрi. Олар Тәуелсiздiктiң қасиеттi бiрiктiрушi бейнесiн сомдайды» деп атап өттi.

Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнде сол кезең бойынша архивтiк деректер сақталынған, мысалы 1992 жылдың 9 маусымындағы №88 санындағы «Целиноградская правда» газетiнде 1992 жылы 4 маусымда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiмен қабылданған «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк туы туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары жарияланды.

Тәуелсiздiкке қол жеткiзгеннен кейiн бiз өзiмiздiң тарихмыз бен мәдениетiмiздiң шынайы жандандыруға кiрiстiк. Мемлекеттiң Қазақстан Республикасы туы, елтаңбасы және әнұранын құрастыру бойынша конкурс жариялауы терең қоғамдық сiлкiнiс тудырды. Конкурсқа алдыңғы қатарлы қауымдастық пен шығармашыл зиялы қауым өкiлдерi қатысты. Жарияланған конкурстардың қорытындысы жасалғаннан кейiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi 1992 жылы заңнамалық деңгейде бекiтiлiп қабылданды. Бұл мемлекеттiк рәмiздер қоғамның барлық салаларында, саяси-әлеуметтiк өмiрiнде маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тiк бұрышты көгiлдiр түстi мата болып табылады. Тудың сабының тұсында тiк жолақ түрiнде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесi алтын түстес. Мамандардың пiкiр бойынша көк түс қазақ халқының мәдени-этникалық бiрлiгi жайлы куәландырып, сонымен бiрге бiруақытта мемлекеттiң тұтастығы идеясын белгiлейдi. Бұл түс ортақ әл-ауқаттылық, тыныштық, бейбiтшiлiк пен бiрлiк нышаны болып табылады. Қыран-бүркiт көшпелiлердiң дүниетанымында ерекше орын алады. Рәмiздер тiлiнде бүркiт силуэтi мемлекеттiк билiктi, кеңдiк пен қырағылықты бiлдiредi. Көшпелiлер үшiн бұл бостандық, тәуелсiздiк, iлгерi самғау нышаны болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк туының авторы ретiнде еңбегi сiңген еңбек қайраткерi Шакен Ниязбеков болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл — Ұлы дала көшпендiлерi айрықша қастер тұтқан өмiр мен мәңгiлiктiң символы.

Мемлекеттiк елтаңбаның орталық геральдикалық элементi — көгiлдiр түс аясындағы шаңырақ (киiз үйдiң жоғарғы күмбез тәрiздi бөлiгi) бейнесi. Шаңырақты айнала күн сәулесi секiлдi тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесi орналастырылған. Жоғарғы бөлiгiнде — көлемдi бес бұрышты жұлдыз, ал төменгi бөлiгiнде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесi, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу — алтын түстес.

Көк күмбезiн еске салатын және Еуразия көшпендiлерiнiң дәстүрлi мәдениетiнде тiршiлiктiң негiзгi бастауының бiрi боп саналатын шаңырақ — киiз үйдiң басты жүйе құраушы бөлiгi. Республиканың Мемлекеттiк елтаңбасындағы шаңырақ бейнесi — елiмiздi мекендейтiн барлық халықтардың ортақ қонысының, бiртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен берiктiгi оның барлық уықтарының сенiмдiлiгiне байланыстылығы секiлдi, Қазақстанда бақытқа жету әрбiр азаматтың аман-есендiгiне байланысты. Қазақстан Республикасы елтаңбасының авторлары ретiнде белгiлi архитекторлар Жандарбек Мәлiбеков пен Шот-Аман Уалиханов болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әнұраны, бұрын «Менiң Қазақстаным» атты әнi, Қазақстан Республикасы Президентi бастамасымен 2006 жылы 6 қаңтарда Парламентпен бекiтiлдi. Әнұранның бастапқы мәтiнi мен қазақтың лирикалық композиторы Шәмшi Қалдаяқов әнiнiң қазақ ұлттық әуездiлiгi бұл мемлекеттiк рәмiздiң де этникалық мазмұнынан хабар бередi. Оның «Менiң Қазақстаным» әнi кеңестiк дәуiрде қазақтар арасында танымал болды. «Менiң Қазақстаным» әнi атауының өзi де патриоттық сезiмге толы. Әннiң жаңа мәтiнi мемлекеттiк әнұранға сәйкес және оның мазмұнын күшейте түсiредi. Алғаш рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Елбасының салтанатты ұлықтау рәсiмiнде орындалды.

Қазақстанның мемлекеттiк рәмiздерi, оның туы, елтаңбасы және әнұраның қазақ этникалық мазмұнына қарамастан, ол елiмiздiң барлық азаматтарына бағытталғанын айта кеткен жөн. Мемлекеттiк рәмiздерге деген қамқорлық мемлекеттiң маңызды мiндеттерiнiң бiрi. Оның айғағы ретiнде 4 маусым үкiмет қаулысымен Мемлекеттiк рәмiздер Күнi ретiнде белгiленуi болып табылады. Мемлекеттiк рәмiздермен байланысты қоғамдық қатынастар жүйесiн реттеу үшiн 2007 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздер туралы заң қабылданды. Осы заң бағыттарының бiрi ретiнде мемлекеттiк рәмiздердiң қорғауы және тек Қазақстан азаматтарынан ғана емес, сонымен бiрге шетелдiк мемлекеттердiң республикамыздың мемлекеттiк рәмiздерiне құрметпен қарауды талап ету болып табылады.


Мақаланың шыққан күні: 23.06.2017 15:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.06.2017 15:19