АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттік архивінің 2017 жылға жұмыс ЖОСПАРЫ

Бекiтемiн
Ақмола облысының мемлекеттiк
архивiнiң директоры
_____________ Г. Салық

Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң
2017 жылға жұмыс
ЖОСПАРЫ

КIРIСПЕ

2017 жылы Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң қызметi Елбасы Н.Ә. Назарбаев жолдауын жүзеге асыруға, сондай-ақ архив iсiнiң одан әрi дамуына және жетiлдiруiне, Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, сақталатын құжаттарға ғылыми-ақпараттық анықтама құруға және жетiлдiруге, оларды жан-жақты пайдалануға, орындалатын жұмыстың ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етуiне бағытталады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылдың 12 қаңтардағы № 2340 ҚР заңын орындау мақсатында шаралар кешенiн өткiзу жалғасады.

Ғылыми-әдiстемелiк әзiрлемелер, ақпараттық құжаттар, мақалалар, фотоқұжат көрмелердiң тақырыптық-экспозициялық жоспарлары, семинарлар жоспары, жыл сайынғы естелiк және атаулы күндер күнтiзбелiгi дайындалады және қарауға түсуiне қарай архивтiң сараптау комиссиясы отырыстарында қарастырылады.

Тұрақты сақтаудағы iстер, құжаттар тiзiмдемесiн, жеке құрам бойынша тiзiмдемесiн, сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актiнi құру бойынша әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлену жоспарлануда, оны СТӘК отырысына келiсуге 2017 жылдың үшiншi тоқсанында ұсынылады.

Мекемелер мен ұйымдар тарихы бойынша құжаттардың келесi жинағын дайындау бойынша жұмыс жалғасады, ол СТӘК отырысына келiсуге төртiншi тоқсанда берiледi.

1.Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету

Сақтауды қамтамасыздандыру мақсатында архивтi техникалық жабдықтандыру және материалды–техникалық базасын нығайту бойынша жұмысы жалғастырылады. Қағаз негiзiндегi 450 сақтау бiрлiгiнiң күйi жақсартылады, оның iшiнен 300 парағы қалпына келтiрiлдi, осы жұмыспен келесi қорлар қамтылады:

- қ.№ 34 «Атбасар уездiк жер бөлiмi»;

- қ.№ 35 «Атбасар уездiк азық — түлiк комитетi»;

- қ.№ 37 «Атбасар уездiк кеңестiк жұмысшы-шаруалар милициясы»

- қ.№ 1239 «Ақмола-авия» Акционерлiк қоғамы (Целиноград бiрiккен авиаотряды) (Қосымша 1)

( №№ 34, 35, 37, 1239 және басқа) — 160 сақтау бiрлiгi тiгiледi.

2200 iстi картондау көзделiп отыр, қ. 258 «Ақмола облысының мемлекеттiк архивi» ММ архивтер мен құжаттама бөлiмi», қ.1211 «Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жолаушылар автокөлiгiмен тасымалдауды басқару орталығы» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын және басқа да.

Өшiп бара жатқан 30 парақтың мәтiнiн қалпына келтiру, осы жұмыс қ. № 204 «Ерекше мiндет жүктелген бөлiмдердiң штабы (ЕМЖБ)» белгiленген.

Аса құнды құжаттардың 25 сақтау бiрлiгi айқындалады, қорлар тiзiмi қоса берiлген (қосымша 2).

Аса құнды құжаттарды арнайы бөлек бөлмелерге көшiру жөнiндегi жұмысы жалғастырылады.

Жеке құрам бойынша және басқару құжаттарының 21000 iстiң күйi мен барына тексерiс өткiзу жоспарланып отыр. Тiзiм қоса берiлген (қосымша 3).

Есеп беру кезеңiнде 160 қордың есептiк құжаттар жинағын салыстыру жалғастырылады.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнен берiлген қорлардың iстерiн қайта шифрлау жөнiндегi жұмысы жалғастырылады. Бұл «Қазақстан ЛКЖО Көкшетау облыстық комитетi» № 3261 қоры және т.б., барлығы 21000 сақтау бiрлiгi.

Жоспар бойынша ғылыми — анықтамалық аппаратының өңделуi және жетiлдiруi бойынша жұмыс жүргiзiледi, қ. № 25 1990 — 1991 жылдардағы «Қазақстан Компартиясының Целиноград ауылдық комитетi» — 185 сақтау бiрлiгi (тiзiм № 2 жеке iстер және партияға қабылдау бойынша); қ. № 60 1930 — 1972 жылдардағы «Қазақстан Компартиясының Атбасар аудандық комитетi» — 817 сақтау бiрлiгi. Жалпы — 1002 сақтау бiрлiгi. 1938 — 1987 жылдардағы Астрахан ауданының бастапқы партиялық ұйымдары, кәсiпорындар және мекемелердiң архивтiк топтамасы құрылады — 20 қор, 660 сақтау бiрлiгi. Жалпы 1662 сақтау бiрлiгi қайта өңделедi.

Архивте сақталған сақтау мерзiмi уақытша құжаттарына құндылық сараптамасын өткiзу және бүгiнгi күнi практикалық және тарихи маңыздылығын жоғалтқан, сақтау мерзiмi бiткен iстердi актiлеу көзделiп отыр. Белгiленген жұмыс түрiмен бiрiншi тоқсанда 2011 жылғы құжаттар қамтылады:

- «Уранликвидрудник» РММ — 9 сақтау бiрлiгi;

- «Наурыз Банк Казахстан» АҚ Ақмола бөлiмшесi — 12 сақтау бiрлiгi;

- «ЭкоПолис» Сақтандыру компаниясы» АҚ Ақмола филиалы — 69 сақтау бiрлiгi;

- «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы» ММ — 51 сақтау бiрлiгi;

- «Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөнiндегi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ — 32 сақтау бiрлiгi; — «Ақмола облысының балалар құқықтарын қорғау департаментi» ММ — 25 сақтау бiрлiгi;

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ — 100 сақтау бiрлiгi. Барлығы — 298 сақтау бiрлiгi.

«Архивтiк қор» бағдарламасына № 1503 — № 1628 — 125 қор және партиялық № 1 — № 75 — 75 қор енгiзiледi, жалпы 200 қор.

2017 жылы құжаттар сiлтемесiн жетiлдiру бойынша жұмыс жүргiзiледi, төртiншi тоқсанда СТӘК отырысына келiсуге берiледi.

Мекемелердiң, ұйымдардың және кәсiпорындардың кұжаттарын мемлекеттiк сақтауға алу, архив қоймасынан архив қызметкерлерiне iстер беру жыл бойы жүргiзiледi.

«Дезинфекция Көкшетау» ЖШС қызметiмен ай сайын архив қоймаларында дезинфекциялық және дезинсекциялық тазалау жұмысы жүргiзiледi. Керектi температуралық — ылғалдылық және санитарлық — гигиеналық режимi ұсталынады, санитарлық күндер өткiзiледi, температуралық-ылғалдылық режим құралдары үнемi бақылауға алынады.

Бөлiм қызметкерлерi облыстық мемлекеттiк архивте өткiзiлетiн барлық шараларға қатысады.

2.ҚР ҰАҚ қалыптастыру. Ведомстволық архивтердiң ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылығы және мекемелердiң, ұйымдар мен кәсiпорындардың iс-қағаздарын жүргiзудегi құжаттарды ұйымдастыру.

Осы бағыттағы жұмыстар ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарын сапалы қалыптастыруын қамтамасыз етуге, мемлекеттiк сақтауға құжаттарды сапалы iрiктеуге аса назар аударылады. Тұрақты сақтаудағы басқару құжаттарынан 800 iс, азаматтардан — 50, фотоқұжаттардан — 25, бейнеқұжаттардан — 10 қабылдау жоспарлануда.

Жеке шығу тегiнiң қорлары құрылады: Ш.Ш. Әлиев — қоғам және саяси қайраткер, еңбек ардагерi, С. Кушкенова — ҚР журналистер одағының мүшесi, еңбек ардагерi, В.А. Теплякова — ҚР журналистер одағының мүшесi, еңбек ардагерi.

Келесi ведомстволарға 5 iс номенклатурасын, 5 iс-қағаздарын жүргiзу қағидасын және 5 ведомстволық архив пен сараптау комиссиясы туралы ережелердi жетiлдiру үшiн әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетiлмек:

1. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы — жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық зерттеу департаментi;

2. «Өрлеу» ұлттық бiлiктiлiктi көтеру орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтеру институты»;

3. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есеп айырысу орталығы» департаментi;

4. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ;

5. «Ақмола облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы» ШЖҚ РМК

Транспорт, архитектура, ауыл шаруашылығы саласында 4 семинар өткiзiледi:

1.Ұйымдарда жаңа үлгiлiк тiзбе бойынша iстер номенклатурасын құру;

2. Мемлекеттiк тiлде «Ұйымдарда жаңа үлгiлiк тiзбе бойынша iстер номенклатурасын құру»;

3. Оперативтi сақтаудағы iстердi құру және рәсiмдеу;

4. ҰАҚ құжаттарын мемлекеттiк архивке тұрақты сақтауға тапсыру тәртiбi.

Семинар жоспарлары Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң СК келiсiледi.

Бөлiм iстер номенклатурасын жетiлдiруде, тұрақты сақтаудағы және жеке құрам бойынша құжаттарды өңдеуде, құндылығын жоғалтқан құжаттарды жою актiлерiн жасауда үнемi әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетедi.

3.Ақпараттық-iздеу жүйесiн құру, ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану

2017 жылы ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң қызметi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыру, архивтiк құжаттарды таныстыру үшiн ретроспективтi ақпаратта, архивтiк құжаттарды пайдалануда қоғам мен мемлекет қажеттiлiгiн қанағаттандыруға бағытталады, бұл — Қазақстан халқының тарихи-мәдени құндылығының ажырамас бөлiгi.

Жеке шығу қордың құжаттары бойынша «Тарих ағымындағы тұлғалар» («Люди в потоке истории») архивтiк құжаттар жинағы шығарылады (желтоқсан).

Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысы тарихындағы атаулы және естелiк даталарға орай төмендегi тақырыптарға 4 архивтiк көрме дайындалады:

«Отты жүрек» («Пламенное сердце») Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының бұрынғы басшысы, комсомол, партия қызметкерi Г.Н. Матросовтың жеке шығу тегi қорының таныстыру-көрмесi (сәуiр);

«Ақмола дивизиялары Ұлы Отан соғысының майдандарында» («Акмолинские дивизии на фронтах Великой Отечественной войны») Ұлы Отан соғысы Жеңесiнiң 72-жылдығына фотоқұжаттар көрмесi;

«Ғасыр замандастары» («Ровесники столетия») — Ақмола облысында 100 жыл бұрын болған оқиғалар, 2017 жылы мерейтойлары болатын тұлғалар туралы көрме (қазан);

«Бiрiншi» («Первый») Бiрiншi Президент күнiне арналған көрме (желтоқсан).

Шараларды өткiзу кезiнде мүдделi органдар мен тұлғаларды тартады, көрмелер мен презентацияларға студенттердi, оқушыларды, БАҚ өкiлдерiн шақырады.

Архив және архив көрмесi бойынша кем дегенде 6 экскурсия ұйымдастырылады, 4 лекция-сабағы өткiзiледi.

Телевиденияға архив құжаттары бойынша және облыстық архив қызметiн насихаттайтын 5 телевизиялық сюжет дайындау жоспарлануда.

Бұқаралық ақпарат құралдарына архив қызметкерлерiнiң мақалаларын шығару жұмысы жалғасады, облыстық, қалалық және республикалық басылымдарда кем дегенде 12 мақала дайындау жоспарланды.

Облыстық мемлекеттiк архив сайтында архив қызметi туралы ақпаратты, ең қызықты зерттеу мақалаларын орналыстырады.

Ақмола облысының психиатриялық ауруханасының ашылуына 85-жылдығына байланысты (1932) аймақтағы психиатриялық көмек көрсетудiң тарихы мен дамуын, архивте сақталған тарихи құжаттарды таныстыратын ақпараттық хат дайындалады (ақпан).

Архивтiң оқу залында архив құжаттарының зерттеушiлерiмен: ғылыми қызметкерлерiмен, студенттерiмен, Қазақстан Республикасының және шетел азаматтарымен жұмыс жалғасады.

Қазақстан Республикасының, алыс және жақын шетелдердiң азаматтары мен ұйымдарынан әлеуметтiк-құқықтық, тақырыптық сипаттағы сұраныстарды орындау бойынша жұмыс жалғасады. Олардың сапалы орындалуын қадағалау, яғни толық, нақты, уақытылы, мәтiн мазмұнының дұрыстығы.

«Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекттiк қызмет стандартымен реттелетiн сұраныстарға аса назар аудару. Осы мақсатта халық арасында электронды үкiмет порталы және ХҚКО арқылы архивтiк анықтаманы алу артықшылығын түсiндiру жұмыстарын жүргiзу, БАҚ және облыстық мемлекеттiк архив сайтында азаматтарға жеке кеңес беру арқылы архивтiк анықтама алу мүмкiндiгi туралы әлеуеттi алушыларды хабардар ету. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы түсетiн өтiнiштердi рәсiмдеу кезiнде қателiктердiң алдын алу мақсатында ХҚКО қызметкерлерi үшiн 2 семинар-лекция өткiзiледi.

Қазақстан КП Целиноград облыстық комитетiнiң басшылық қызметкерлерiне атаулы каталог құру жұмысы жалғасады (600 iстi каталогқа кiргiзу, 1000 карточка жасау).

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК жұмысына қатысу.

4.Ақпараттық технологиялар бөлiмi

Ақпараттық технологиялар бөлiмiнiң жұмысы архив құжаттарының сақталуын қамсыздандыру және оларды пайдалану үшiн ақпараттық технологиялардың дамуына және жетiлдiруiне, жұмыста техника мен локальды жүйенi пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға, жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын тез әрi тиiмдi қолжеткiзуiн қамсыздандыру үшiн электронды архивтi құруға бағытталады.

Ақпараттық жүйеде мемлекеттiк архивтiң жеке деректерiн өңдеуде жеке деректердiң қорғауын күшейту бойынша шаралар кешенi өткiзiледi.

Көкшетау облыстық халық депутаттар кеңесi және оның атқарушы комитетi № 1451 қорының құжаттарын сканерлеу жұмысы жүргiзiледi, саны 764 сақтау бiрлiгi, көлемi 79743 парақ. Сондай-ақ облыстық мемлекеттiк архивтiң бағдарламалық қамсыздандыру үшiн өзектi жаңартулар орнатылады — 40 бағдарлама.

Көрменi дайындау, баспа басылымдары мен т.б. үшiн саны 10 құжатты, фотоқұжатты айырып танумен бiрге сканерлеу жүргiзiледi.

Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң web-сайтын жаңарту. Ақмола облысының мемлекеттiк архивi сайтының бөлiмдерiн 40 ақпаратқа дейiн жаңарту. Негiзгi мiндеттер қамтамасыз етiледi:

-Сайттың үзiлiссiз жұмысы;

-Жаңа ақпаратты өзектi қылу және орналастыру;

-Функционалын кеңейту және қателiктердi жою;

-Визуалды материалды сайт стилiне сәйкес дайындау және орналастыру.

2017 жылы компьютерлiк және ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету жалғасады, архив қызметкерлерiнiң сұраныстары бойынша кемшiлiктер жойылып, картридж толтыру, принтер мен компьютер бөлшектерiн ауыстыру жұмыстары жалғасады.

1978 жылғы 600 адамның тегi «Ақмола облыстық халық депутаттар кеңесi мен оның атқару комитетi» 268 қордан «Еңбек ардагерi» деректер базасына енгiзiледi. Фотоүлдiрге саны 5 рулон, 4000 кадр цифрлық деректер жазылады.

Саны 5 рулон, 4000 кадр фотоүлдiр айқындалады.

5.Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн архив iсiнiң мәселелерi бойынша нормативтi-құқықтық актiлердi жан-жақты оқып-үйрену ұйымдастырылады.

Практикалық жұмыста ҚР архив мекемелер қызметiнiң оң тәжiрибелерiн қолдану. «Отечественные архивы» журналы және «Архивы Казахстана» бюллетендерi бойынша жаңа әдiстемелiк және архивтану әдебиеттерiн аппарат оқуларында таныстыру жұмыстары жалғасады. Ай сайын аппарат оқулары өткiзiледi, аппарат оқуларының тақырыптары белгiлендi және 2017 жылға жоспар құрылды. Жоспарлы көрсеткiштердiң орындалуы және айлық жұмыс жоспары туралы архив қызметкерлерiнiң есептерi отырыстарда тыңдалады. Жасалған жұмыс есебiн жүргiзу.

Азаматтық қызметте 3 жыл өтуi бойынша және бiлiктiлiктi арттыру үшiн архив қызметкерлерiнiң аттестациясы өткiзiледi.

Мемлекеттiк тiлдi оқып-үйрену мақсатында сабақтар жалғасады. Барлық архив қызметкерлерi түрлi курстарда және басқа оқу түрлерiнде бiлiктiлiгiн арттыру жұмысы жоспарлануда.

Нақты мүмкiндiктерге қарай архив қызметкерлерiнiң және архив iсi ардагерлерiнiң әлеуметтiк қорғау мәселелерiне аса назар аударылады.


Архив директорының
орынбасары                                                                                                        К. Узакпаева


№ 1 қосымша

2017 жылы жаңғыртуға және тiгуге жататын
құжаттар қорының тiзiмi 

№ р/н Қор нөмірі Қордың атауы Істер саны Қордың шеткі даталары Ескерту
1 2 3 4 5 6
1 34 «Атбасар уездік жер бөлімі» 105 1919-1930  
2 35 «Атбасар уездік азық-түлік комитеті» 17 1920-1922  
3 37 «Атбасар уездік кеңестік жұмысшы-шаруа милициясы» 170 1919-1920  
4 1239 «Ақмола-авиа» акционерлік қоғамы (Целиноград біріккен авиаотряды) 703 1949-1979  

Барлығы: 995 сақтау бiрлiгi


№ 2 қосымша

2017 жылы АҚI анықтау мақсатында
қаралатын құжаттардың қорлар тiзiмi

№ р/н Қор нөмірі Қордың атауы Істер саны Қордың шеткі даталары Ескерту
1 2 3 4 5 6
1 126 «Таганрог болыстық атқару комитеті» 5 1920-1921  
2 127 «Приреченск болыстық әскери комиссариаты» 4 1920-1921  
3 129 «Ново-Колутон болыстық атқару комитеті» 4 1920-1923  
4 140 «Ақмола губерниялық әскери-азық-түлік қамсыздандыру бөлімінің өкілеттігі» 18 1920-1923  
5 156 «Ново-Георгиевка болыстық атқару комитеті» 5 1925-1928  
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.12.2016 12:03
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика