АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ |
2014 жылы Ақмола облысы мемлекеттiк мұрағаты тың және тыңайған жерлердi игерудiң 60 жылдығына орай «Ветер целины» кiтап-фотоальбомын дайындады. Мұрағат фотосуреттерi сол жлдардағы алғашқы қоныстанушылардың келуi, олардың алғашқы шатырлары, болашақта құрылатын орталық мекен-жайларға қойылған қазықшалар, тың игерушiлердiң алғашқы өнiмдi жинаудағы қуанышы, ғимараттар салу, жаңа салынған көшелер жарты ғасырдан аса уақыт өтседе өз құңдылығын сақтаған. Ақ-қара түстi фототүсiрiлiмдер сол кездегi «тың желiн сездiредi», сол жылдардағы ерлiкке толы еңбегiн алдымызға алып келiп қойғандай әсер қалдырады. Басылым Ақмола облысының тың игеру жылдарын суреттейтiн 7 бөлiмнен тұрады. Құжаттың тақырыбы хроонологиялық тәртiбi, қызқартылған сөздер, заманауи ауыл-шаршашылығының жай-күйi, мазмұны бойынша құрастырылған. Тақырыптық бөлiмдерi бойынша iлеспе мәтiндер жазылған. Кiтапқа көлемi 96 беттен тұратын аңдату жасалынған 120 фотоқұжат жарияланған. Сонымен бiрге, тың игеру оқиғасына қатысушылардың естелiктерi, тың игеру туралы жариялынымдар енгiзiлдi.