«Ақмола облысы архив құжаттарында» көрме залы бойынша облыстық архив қызметкерлерi, педагогика мамандары үшiн Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлiк орталығы филиалында виртуалды экскурсия өткiздi.
Аталмыш курс тыңдаушылары Көкшетау қаласы және Ақмола облысы аудандарының мектеп директорларынан құралған. Экскурсия қазақ және орыс тiлдерiнде жүргiзiлдi. Тыңдаушылар көрмеге үлкен қызығушылық танытып, өздерiн толғандырып жатқан сұрақтарын қойды. Мысалы, тың және тыңайған жерлердi игеру тарихы, осы кезеңде пайда болған совхоздар және т.б. Өйткенi, дәл осы кезеңде облысымызда жаңадан көптеген аудандар және ауылдар пайда болды.
Экскурсия соңында Атбасар ауданынан келген мектеп директоры пiкiрлер кiтабында өз лебiзiн қалдырып, тыңдаушылар естелiкке фотосуретке түстi.