АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Тарих сабағы

Ақмола облысының мемлекеттік архивінде ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы күніне арналған «Ұлт күні, Қазақ күні!» тақырыбында тарих сабағын өткізді.
Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.
Аталмыш іс шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды, Республика күнінің тарихы туралы баяндалды. Іс шараға «ҚР Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМҚ Щучье филиалының сарбаздары қатысты.

 

Мақаланың шыққан күні: 23.10.2024
Қаралым саны: 265