АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Тарих сабағы

2024 жылдың 25 қаңтарында Ақмола облысының мемлекеттік архивінде ақпараттық – ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі А. Алдибекова Ленинград блокадасының бұзылғанына 80 жыл толуына орай, «Ленинград үшін шайқас» тақырыбында тарих сабағын өткізді. Іс- шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Тарих және дінтану» мамандығының 1 курс студенттері шақырылды.

Тарих сабағы архив қорындағы Ленинград шайқасына қатысқан 310 -шы атқыштар дивизиясы туралы деректі фильм көрсетілімімен аяқталды.

1944 жылы 27 қаңтарда Ленинград-Новгород стратегиялық шабуыл операциясының нәтижесінде Ленинград маңындағы неміс-фашистік әскерлер жеңіліп, қаланың қоршауы біржола алынып тасталды.

Соғыстың қаһармандық жылдары жыл өткен сайын алыстағанымен неміс әскерлерінен құтқарған халықтың ерлігі адамзаттың жадында ешқашан өшпейді.

Мақаланың шыққан күні: 29.01.2024
Қаралым саны: 1143
Яндекс.Метрика