АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ |
2024 жылдың 20 маусымында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының оқушылары мен мұғалімдері «Туған елге тағзым» атты өлкетанулық – зерттеу экспедициясы жобасы аясында, Ақмола облысының мемлекеттік архивіне экскурсияға келді. Ақпараттық — ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі А.К. Алдибекова оқушыларға архив жұмысының маңыздылығы жайлы ақпарат бере отырып, келушілерге «Ақмола облысының тарихы архив құжаттарында» атты тұрақты әрекеттегі көрме залында экскурсия жүргізді. Оқушылар ақпараттық — технологиялар бөлімінің жұмысымен танысты.