Өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында облыстық архивке Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау университетiнiң Тарих және дiнтану мамандығының студенттерi келдi. Құжаттарды пайдалану және беру бөлiмiнiң маманы студенттердi картотекамен таныстырып, бөлiмнiң жұмыс iстеу ерекшелiктерi туралы айтып бердi. Сондай-ақ «Ақмола облысы архив құжаттарында» көрме залы бойынша экскурсия өткiзiлдi.