2017 жылы 20 қазан сағат 12.00-де Әдебиет және өнер музейiнде Ақмола облысы мемлекеттiк архив құжаттарына сүйене отырып, «Қазақ латын әлiпбиi тарихының архив құжаттары» («История латинизации казахского алфавита») атты көрме өткiзiлдi. Iс-шараға Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжiнiң 1 және 2 курс студенттерiне шақырылды.