АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Облыстық олимпиада резервін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде семинар-кеңес

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2022 жылдың 27 қыркүегінде Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Облыстық олимпиада резервін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде семинар-кеңес «Тұрақты сақтаудағы, жеке құрам бойынша құжаттарға ғылыми – техникалық өңдеу жасау, сақтау мерзімі өткен құжаттарды жоюға акт жасау және ведомстволық архивке тапсыру» тақырыбында слайд көрсету бойынша, семинар-кеңес өткізді.

Семинарға орталықтың басшысы, басшының орынбасары, бөлім басшылары, бас мамандар және жетекші мамандар қатысты.

Семинарды өткізу барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 2021 жылғы 25 қазанындағы сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі бойынша, құжаттарды уақытылы өңдеу мен сақталуына және ведомстволық архивке құжаттарды тапсыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 12 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 27.09.2022
Қаралым саны: 1947