АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында семинар-кеңес

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерге бақылау жасау бөлімінің қызметкерлері 2023 жылдың 16 мамырында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында «Тұрақты сақтаудағы, жеке құрам бойынша құжаттарға ғылыми – техникалық өңдеу жасау, сақтау мерзімі өткен құжаттарды жоюға акт жасау және ведомстволық архивке тапсыру» тақырыбында слайд көрсету бойынша, семинар-кеңес өткізді.

Семинарға бөлім басшылары, бас мамандар, жетекші мамандар және архивариус қатысты.

Семинарды өткізу барысында Қазақстан Республикасы үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 575 қаулысымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 184 бұйрығымен бекітілген сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі бойынша, құжаттарды уақытылы өңдеу мен сақталуына және ведомстволық архивке құжаттарды тапсыруға қатысты мәселелер талқыланды.

Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 12 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 16.05.2023
Қаралым саны: 1330
Яндекс.Метрика