АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Ақмола облысының мәдениет басқармасының жанындағы «Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық — драма театры» МКҚК-де семинар

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2023 жылдың 18 мамырында Ақмола облысының мәдениет басқармасының жанындағы «Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры» МКҚК-де «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» тақырыбында слайд көрсете отырып, семинар өткізді.

Семинарға облыстық қазақ музыкалық — драма театрының мамандары қатысты.

Семинарды өткізу барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 9 адам қатысты.

 

 

 

 

Мақаланың шыққан күні: 18.05.2023
Қаралым саны: 2427
Яндекс.Метрика