AA

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Қазақстан Республикасы Халық Банкі» Акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында семинар

2024 жылдың 18 наурызда «Қазақстан Республикасы Халық Банкі» Акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерді бақылау бөлімінің басшысы «Тұрақты түрде сақталатын құжаттарға ғылыми – техникалық өңдеу жасау, істерді қалыптастыру және ресімдеу» тақырыбында слайдтарды көрсете отырып семинар өткізді.

Семинарға бөлім басшыларымен мамандары қатысты.

Семинар жұмысы барысында конструктивтік сұқбат жүргізіліп архивариустың қатысуымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2023 жылдың 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен
бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына» сәйкес құжаттарды уақытында өңдеп, ведомстволық архивке тапсыру бойынша және азаматтарға сапалы қызмет көрсетуге қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Мемлекеттік архивтің бөлім басшысы қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Семинарға 6 адам қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

Мақалың шыққан күні: 20.03.2024
Қаралым саны: 350
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика