АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалында семинар — кеңес

2023 жылдың 19 мамырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалында Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерді бақылау бөлімінің басшысы слайдтарды көрсете отырып «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» тақырыбында семинар – кеңес өткізді.

Семинарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының мамандары қатысты.

«Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ-ң бас маманы Г. Каримова семинарға қатысты.

Семинар жұмысы барысында бірқатар мәселелер талқыланды, хат жазу, бұйрыктар рәсімдеу, хаттаманы және сұрауларға жауаптар дайындау 2018 жылдың 31 қазандағы № 703 «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» сәйкес және азаматтарға сапалы қызмет көрсету жөнінде.

Мемлекеттік архивтің бөлім басшысы қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Семинарға 18 адам қатысты.

 

Мақаланың шыққан күні: 19.05.2023
Қаралым саны: 2459
Яндекс.Метрика