АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Ақмола облыстық сотында семинар — кеңес

2024 жылдың 15 ақпанында Ақмола облыстық сотында Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерді бақылау бөлімінің басшысы «Тұрақты түрде сақталатын құжаттарға ғылыми – техникалық өңдеу жасау, істерді қалыптастыру және ресімдеу» тақырыбында слайдтарды көрсете отырып, семинар – кеңес өткізді.

Семинарға ұйым орынбасары, бөлім басшылары, мамандар қатысты.

Семинар жұмысы барысында конструктивтік сұқбат жүргізіліп архивариустың қатысуымен құжаттарды уақытында өңдеу және құжаттарды ведомстволық архивке Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2023 жылдың 29 маусымдағы № 157 бұйрығымен
бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» бойынша азаматтарға сапалы қызмет көрсетуге қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Мемлекеттік архивтің бөлім басшысы қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Семинарға 29 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 26.02.2024
Қаралым саны: 2046
Яндекс.Метрика