2020 жылдың 13 қарашада ветеринария саласында Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң ведомстволық архивтердi бақылау жасау бөлiмi слайд көрсетiлiмiмен «Жеке құрам бойынша тұрақты сақтау мерзiмi бар құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және мемлекеттiк сақтауға тапсыру» тақырыбында семинар — кеңес өткiзiлдi.
Семинарға ветеринария саласындағы мамандар қатысты.
Семинар жұмысы барысында конструктивтiк сұқбат және архивариусты тарту арқылы құжаттарды уақытында өңдеу және құжаттарды ведомстволық архивке 2018 жылдың 31 қазандағы Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерiн пайдалану қағидалары» және 2020 жылғы 6 қазандағы мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың қызметi негiзiнде жинақталатын, сақтау мерзiмi көрсетiлуiмен типтiк құжаттардың тiзiмi және азаматтарға сапалы қызмет көрсетуге қатысты бiрқатар маңызды мәселелердiң талқылауы жүрдi.
Бөлiм қызметкерлерi қойылған сұрақтарға толық жауаптар берiп отырды.
Iс-шараға барлығы 15 адам қатысты.