A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Тарих және этнология институтының қызметкерлері облыстық архивке келіп кетті

2020 жылдың 15 қазанында Ақмола облысының мемлекеттiк архивiне Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым Комитетiнiң Ч.Ч. Валиханов атындағы Тарих және этнология институтынан делегация келдi. Облыстық архивте Тарих және этнология институтының ғалым қызметкерлерiмен бiрлескен «Судьбы женщин –узниц АЛЖИРа (1938-1953 гг.)» атты дөңгелек үстел өттi. Жиын барысында институт қызметкерлерi жобаның актуалды сұрақтары туралы сөз көтердi. Сонымен қатар архив қызметкерлерiмен әдiстемелiк және ақпараттық кеңеспен бөлiстi.

Жиын соңында Ақмола облысының мемлекеттiк архив директоры

Т. Батырханов Тарих және этнология институтының ғалым қызметкерлерiне архив құжаттары негiзiнде жарық көрген келесiдей кiтаптарды тарту еттi: «Сборник особо ценных документов архивных учреждений», «Ақмола облысы архив мекемелерiнiң ерекше құнды құжаттарының жинағы», «Қазақстан трагедиясы — ұрпаққа сабақ» саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiне арналған iс-шара материалдарының жинағы, «Қазақ әлiпбиiнiң латындандыру тарихы. 1928-1941 жылдар» архив құжаттарының жинағы.

 

Мақаланың шыққан күні: 15.10.2020
Қаралым саны: 1883

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»