Жас зерттеуші клубының жұмысы жалғасуда. Бүгін М. Ғабдуллин атындағы № 3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп - гимназиясында жас зерттеушілерге Ақмола облысының мемлекеттік архив директорының негізгі қызмет бойынша орынбасары Шамганова Гульнар Корабайқызы «Туған елімнің тарихы» атты аумақаралық онлайн мектеп конференциясының материалдары енгізілген кітапты табыстады және алғыс хаттармен марапаттады.