Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау университетiнiң Отан тарихы және «Рухани Жаңғыру» кафедрасы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Н. Ә. Назарбаевтың елiмiздiң сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуындағы рөлi» тақырыбында дөңгелек үстелге облыстық архивтiң археографы Гүлмира Қасымова баяндамамен қатысты.
Дөңгелек үстелге оқытушылар, Мемлекет тарихы институты ғылыми-ақпарат бөлiмiнiң ғылыми қызметкерi Ермұханова Хадиша Кенжеғұлқызы және университет студенттерi қатысты. Дөңгелек үстел пiкiрталас, сауалдарға жауап беру, қорытындылаумен аяқталды.