Конституция күнiн мерекелеу аясында Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнде «Менiң отбасым — менiң Қазақстаным» атты балалар суретiнiң байқауы өткiзiлдi. Байқауға мемлекеттiк архив қызметкерлерiнiң балалары мен немерелерi қатысты. Суреттер көрмесi ғимараттың бiрiншi қабатында безендiрiлдi.
Конституция күнiне арналған салтанатты жиында архив басшысы мереке тарихына тоқталып, атаулы күнмен барлық қызметкерлердi құттықтады. Байқау қорытындысы да жиында жарияланды. Үздiк суреттер таңдалып, балаларға диплом мен грамоталар, естелiк сыйлықтар табысталды.