AA

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Үздік жас экскурсовод» байқауы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасымен және Ақмола облысының мемлекеттiк архивiмен «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты тұрақты әрекеттегi көрме залы ашылған болатын. Осы аталған көрме залы бойынша 29.10.2018 жылы Ақмола облысының мемлекеттiк архивi жанындағы «Жас зерттеушi» клубының «Үздiк жас экскурсовод» байқауы өттi. Қатысушыларды екi топқа бөлдiк. Барлық жас зерттеушiлер жарысқа жан-жақты, тыңғылықты дайындалып келiптi. Жарыс өте қызықты және тартысты өттi. Әр топтан бiр ғана жеңiмпаз болады.

Бiрiншi топтан Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң 9 «а» сынып оқушысы Сармолдина Гульназ бiрiншi орынды иелендi.

Екiншi топтан № 18 Сәкен Жүнiсов атындағы орта мектеп-лицейiнiң 10 «а» сынып оқушысы Түлкiбай Динара бiрiншi орынды иелендi.

Бiрiншi орын алған екi қатысушыға мақтау қағазы табысталды. Барлық қатысушыларға алғыс хат және естелiк сыйлықтар табысталды.

Iс-шара аяқталған сон мұрағат қоймасының меңгерушiсi Е.Ю. Масленникова «Жас зерттеушi» клубының мүшелерiне мастер-класс өткiздi.

   

Мақалың шыққан күні: 01.11.2018
Қаралым саны: 3162
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика