Облыстық архивте «Жас зерттеуші» клубының мүшелері және жетекшілерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты конференциясы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Клуб жетекшісі Асем Алдибекова өз баяндамасымен конференцияны ашты. Кейін жас зерттеушілер өздері дайындаған мақалалары бойынша баяндама жасады.
Іс-шара соңында облыстық архив директорының орынбасары Гүлнар Шамганова жас зерттеушілер мен олардың жетекші мұғалімдерін алғыс хаттармен, сондай-ақ жыл бойына клуб жұмысына белсенді қатысқан жас зертттеушілер №17 орта мектеп-гимназиясының оқушылары Русланқызы Анаис және Жатаев Темірлан мақтау қағаздарымен марапатталды.
Іс-шарада барлық санитарлық нормалар сақталды.