Ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің археографы Гульмира Касимова Л. Н. Гумилев ат. Еуразия Ұлттық университеті ұйымдастырған «Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияға қатысты. Аталмыш конференция жазушы, белгілі ғалым, алаштанушы Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдығына арналған.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Б. Омаров, ҚР Президентінің баспасөз-хатшысы Б. Уәли, Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов және еліміздің белгілі ғалымдары қатысты.