АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ |
Облыстық архивтің археографы Гүлмира Қасымова Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен өткен «Актуальность разработки краткой истории Казахстана для иностранной аудитории в рамках практической реализации статьи К.-Ж.К. Токаева «Независимость превыше всего» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қастыты.
Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелер талқыланды: тарихнаманың жетістіктері, Қазақстан тарихын зерттеудегі деректану. Ұлттық мемлекеттердің қысқаша тарихын жариялаудағы халықаралық тәжірибе. Қазақстандағы 1921-1922, 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың аз зерттелген беттері. Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін және қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау проблемасы.
Сондай-ақ, тарих және этнология саласындағы жетекші мамандардан тұратын, академиялық Тарих және этнология институтының басшылығымен жұмыс тобының атқарған жұмыстарының нәтижелері қаралды.
Конференция ZOOM платформасы арқылы онлайн және офлайн форматта өтті.