2022 жылғы 14 желтоқсанда Ақмола облысының мемлекеттік архивінде жерлесіміз, ақын, прозашы, драматург, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қажыбай Төлеген Сыздықұлының 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.
Ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған іс-шараға «Жас зерттеуші» клубының мүшелері қатысты. Оқушыларға клуб жетекшісі Асем Алдибекова ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, архивтік бейнеролик көрсетті. Клуб мүшесі Аяна Джаналинова Т. Қажыбай туралы жазған мақаласымен баяндама жасады.
Төлеген Сыздықұлы отыздан астам поэтикалық жинақтар мен прозалық кітаптардың авторы, Қазақстанның театр сахналарында қойылған жүзге жуық драмалық шығармалар жазды.
Ақмола облысының мемлекеттік архивінде «Қажыбай Төлеген Сыздықұлы – журналист, ақын, жазушы, публицист, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» жеке текті қоры құрылды.