Белгiлi мемлекеттiк, қоғам қайраткерi Чапай Мүталлапұлы Әбуталиповтың 80- жылдығына арнайы конференция өттi. Ақмола облысының мемлекеттiк архивi аталмыш iс-шараға «Келбетi Көкшетаудай дара тұлға» аттты көрме ұйымдастырып, өткiздi. Көрмеге Ақмола облысының әкiмi Е.Б.Маржықпав, облыс әкiмiнiң орынбасары Мусралимова А.Е., Көкшетау қаласының әкiмi Смаилов А.Х., Көкше өңiрiнiң мемлекеттiк, қоғам қайраткерлерi, зиялы қауым, қала мекемелерiнiң қызметкерлерi қатысты.