АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған «Ел аңсаған Тәуелсiздiк» фотоқұжаттар көрмесi

Ақмола облысының мемлекеттiк архивi Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған «Ел аңсаған Тәуелсiздiк» атты фотоқұжатты көрмесiн өткiздi. Iс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мәлiк Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары қатысты.

Көрменiң мақсаты келушiлерге туған өлкенiң, оның ел тарихы дамуындағы орны мен маңызы туралы бiлiмдерiн кеңейту, Тәуелсiздiктiң 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын ұғыну арқылы бойларында патриоттық сезiмдерiн қалыптастыру.

Курсанттарға Тәуелсiз Қазақстанның, Ақмола облысының 30 жыл iшiндегi жетiстiктерi таныстырылды, бейнеролик көрсетiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 13.12.2021
Қаралым саны: 2566