AA

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ашық есік күні

2024 жылғы 20 қыркүйекте Ақмола облысының мемлекеттік архивінде   «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының тұжырымдамасына сәйкес «Архив – тарих сақтаушысы» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты келушілерге тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекеттік мекемемен таныстыру және архив қорында қандай құжаттар сақталатыны жайлы ақпаратпен бөлісу. Болашақ жастарды архив құжаттарын пайдалана отырып, туған өлке тарихын зерттеуге жастарды кеңінен тарту, қызығушылықтарын ояту.

Архив дегеніміз – тарихтың сарқылмас қоры. Қоғамның бай тарихи шежіресінен сыр шертетін архивтегі әр құжат құнды. Кез келген адам көне құжаттар арқылы ата-баба тарихына үңіліп, ол туралы дерекке қанық бола алады.

Ашық есік күніне Көкшетау қаласының № 21 мектеп лицейі, № 12 ЖОББ мектебі, №1 мектеп-гимназиясы, НЗМ-нің оқушылары мен «ҚР Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМҚ Щучье филиалының сарбаздары    және    Көкшетау   қаласы,  құрылыс  технологиялық  колледжінің, Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері қатысты.

Ақмола облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері келушілерге тұрақты әрекеттегі көрме залында экскурссия жүргізді. Қағаз негізіндегі құжаттарды электрондық-цифрлық форматқа көшіру процесімен танысты. Сондай-ақ архив қоймасындағы құжаттардың сақталуы туралы бейнеролик көрсетіліп, облыстық архив жанындағы «Жас зерттеуші» клубының жұмысы жайлы ақпарат айтылды.

Мақалың шыққан күні: 20.09.2024
Қаралым саны: 1640
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ