2023 жылғы 21 қыркүйекте Ақмола облысының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында «Архива пыль – казны дороже» атты ашық есік күні өткізілді. Аталмыш іс-шараның мақсаты архив қорының құжаттарын дәріптеу және оларды кеңінен ғылыми және практикалық пайдалану, өскелең ұрпақты архив құжаттарын пайдалана отырып, Қазақстан тарихын зерделеуге кеңінен тарту және архив саласының имиджін арттыру.
Ұйымдастыру-ақпараттық бөлімінің қызметкерлері және қорлардың бас сақтаушысы шолу экскурсиясын өткізді, экскурссия барысында Көкшетау қаласының №3, №18, НЗМ-ің оқушылары және Көкшетау қаласының Ш.Уәлиханов атындағы университетінің 1-ші курс студенттері, архив жұмысымен, архив құжаттарының сақталуымен және цифрландыру процесімен сондай-ақ бөлімдердің жұмысымен танысты. Тұрақты әрекеттегі көрме залында экскурссия жүргізілді.
Ашық есік күні келушілердің қызығушылығын тудырды, олар архивист мамандығының біздің қоғам үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білді.