АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Алғыс айту күні!

2024 жылдың 01 наурыз күні Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің Тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы және жалпы тіл бөлімі және әдебиет кафедрасының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында достық, бір-біріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанда этносаралық келісімді нығайту болып табылады.

Аталмыш дөңгелек үстелге Ақмола облысының мемлекеттік архивінің директоры Т. Батырханов, «Қоғамдық келiсiм» КММ талдау және мониторинг бөлiмiнiң басшысы А. Раев, Тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының магистрі, лекторы Г. Ахметова және Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері қатысты.

Ақмола облысының мемлекеттік архивінің директоры Т. Батырхановты Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті Алғыс хатпен марапаттады.

 

Мақаланың шыққан күні: 04.03.2024
Қаралым саны: 2075
Яндекс.Метрика