Тұңғыш Президент Күнін мерекелеу қарсаңында облыстық архив қызметкерлері жалпы орта білім беретін № 12 мектеп оқушыларына тарих сабағын өткізді. Оқушыларға Елбасының өмірбаяны таныстырылды, архивтік фотоқұжаттар мен кітаптары көрсетілді.
Сабақ психологиялық ойынмен басталып, рефлексия әдісімен аяқталды. Оқушылар өздерін еркін ұстап, сабаққа белсенділікпен қатысты. Сондай-ақ оларға «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты көрме залы бойынша экскурсия жүргізілді.
Іс-шара барысында барлық санитарлық нормалар қатаң ұсталынды.