АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлихановқа 90 жыл

Биыл Мемлекеттік Елтаңба авторы, сәулетші, ақын, ғалым және қоғам қайраткері Шот-Аман Уәлихановтың туғанына 90 жыл. Уәлиханов Шот-Аман (Шота) Ыдырысұлы 1932 жылы 26 сәуірде Көкшетау ауданы Айыртау ауданы Сырымбет ауылында дүниеге келген.

Ш. Ыдырысұлы өзінің бүкіл өмірін сүйікті ісіне арнады. Ол қазақстандық сәулет ғимараттарының құрылысына қомақты үлес қосты.

Біздің атақты жерлесіміз жан-жақты адам болатын. Оның қалам астынан көптеген әдеби туындылар шыққан, олардың қатарында «Тағдыр», «Шоқан анты», «Ақнұр», «Шоқанның ақ түндері», «Террор» пьесалары бар.

Шота Ыдырысұлы Елтаңбасының эскизін Қазақстан Тәуелсіздігін ресми жарияланғанға дейін жасай бастады. Шот ағаның айтуынша, ол Елтаңбаның бейнесін түсінде көрген. Түсінде үлкен ақ құс қанаттарын қағып, қанаттарының ортасынан жарқын күн сәулесі көрінді. Жарықтан ол көзін ашып, күннің шаңыраққа айналғанын көрді. Ол түсінде көргендерін таңертең қағазға түсірді.

Шота Уәлихановтың монументалды өнерде өзіндік қайталанбас стилі бар. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументін Шот-Аман Ыдырысұлы шығармашылығының шыңы деп тануға болады.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына орай тұрғызылған «Өлімнен де күшті» монументі ел тарихындағы қайғылы шыңдардың бірінде құлпытас ескерткіші ретінде өмірге енді.

Өз халқының ұлы бейнесі мен оның ерен еңбегі қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі қалады. Шота Уәлиханов қазақтың сәулет өнеріне, кескіндеме өнеріне, монументалды өнеріне үлкен үлес қосты және зор маңызға ие.

Гүлмира Қасымова
Археограф

Мақаланың шыққан күні: 26.04.2022
Қаралым саны: 4049
Яндекс.Метрика