АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Ұлттық валютаға - 30 жыл

2023 жылғы 10 қарашада облыстық архивте ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің архивисі А. Алдибекова «Жас зерттеуші» клубының мүшелеріне теңге күніне арналған «Ұлттық валюта – ел тәуелсіздігінің нышаны» тақырыбында дәріс оқыды.

Қазақстанның ұлттық валютасы 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілді. «Теңге» бұл ортағасырлық түріктердің «денге» немесе «тәнга» күміс монеталарының тарихи атауы. Бүгінгі таңда теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің символы, Қазақстанның жаңа тарихы мен болашағының толыққанды бөлігі болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 13.11.2023
Қаралым саны: 1013