АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ |
Алматы, Өскемен қалалары Назарбаев Зияткерлiк мектебiнiң оқушылары «Туған елге тағзым» өлкетанулық жобасымен 2019 жылдың 19 маусымында Ақмола облысының мемлекеттiк архивiне келдi.
Оқушыларға «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты тұрақты әрекеттегi көрме залында экскурсия жүргiзiлдi және «Высокое небо Талгата» Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов туралы, «Город у Синегорья» атты Көкшетау қаласы туралы фильмдер көрсетiлдi.
Қорлардың бас сақтаушысы Қ.К. Маусымбаева архивтiң мұрағат қоймасымен таныстырды.
Оқушылар қызықты да танымды өткiзiлген iс-шараға өздерiнiң ризашылығын бiлдiрiп, рахмет айтты.