АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

100 нақты қадам

2015 жылғы 24 қарашада Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатында ұжымдық жиналыс өттi. Оның тақырыбы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын талқылау болды.

Негiзгi баяндамамен қоғам қайраткерi М.Қ.Қиықов сөз сөйледi. Дәрiскер жиналғандарды келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiмен құттықтап, Республиканың экономикалық, саяси жетiстiктерiндегi Елбасымыздың шешушi рөлiн атап өттi. Өз баяндамасында ол назарын Әр қазақстандықтың өмiрiн жақсартуға және барлығы үшiн заманауи мемлекет құруға бағытталған мемлекеттiк жүйенi жетiлдiру бойынша қадамдар жоспарында көрсетiлген тарихи маңыздылық, уақыттылық пен болашаққа аударды.

Ұжыммен қойылған мiндеттердi жүзеге асыруға байланысты алда тұрған мiндеттердi талқылау барысында Ұлт Жоспары Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын дамыту үшiн жаңа импулс болғаны атап өтiлдi. Мұрағат саласын жаңарту қажет — қолданушыларға ғаламтор жүйесi арқылы мұрағат құжаттарының кез-келген түрiне қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн электрондық мұрағат құруда үлкен жұмыс күтiп тұр.


Мақаланың шыққан күні: 24.11.2015
Қаралым саны: 2341