A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
2016 жылғы 1 жартыжылдығының Ақмола облысының мемлекеттік архиві жұмысының ЕСЕБІ

Кiрiспе

2016 жылдың 1 жартыжылдығында белгiленген жұмыс жүргiзiлдi. Облыстық мемлекеттiк архивтiң жұмысын одан әрi жетiлдiруге ерекше мән берiлдi. 2016 жылғы қаңтар айында өткiзiлген облыстық мемлекеттiк архив ұжымының жиналысында Елбасы Н.Ә.Назарбаев жолдауының негiзгi бағыттарына түсiнiктемелер берiлдi, бұл мемлекеттiк архив қызметкерлерiнiң жұмыс ынтасын одан әрi белсендiрдi.

2016 жылғы 1 жартыжылдығында дайындалған жоспар бойынша 6 аппарат оқуы өткiзiлдi:

-Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң 2015 жылғы жұмыс қорытындысы және келесi жылға мiндеттер;

-«Елбасының Қазақстан халқына жолдауы, негiзгi бағыттары»;

-«2015 жылғы үлгi ережесiне сәйкес iстер номенклатурасын құру»;

-«Микропленкаға цифрлық мәлiметтердi жазу және микропленканы айқындау»;

-«Жалақыны есептеу туралы».

Сараптау комиссияның 11 мәжiлiсi, сондай-ақ ҚР 2007 жылдың 12 қаңтардағы № 2340 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңын орындауға орай жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша кешендi шаралар өткiзiлдi.

Қызметкерлерге техника қауiпсiздiгi бойынша жыл сайынғы нұсқау жүргiзiлдi.

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету

2016 жылдың 01 шiлдесiне Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнде 1370 қор, 434874 сақтау бiрлiгi есептеледi, соның iшiнде:

-тұрақты сақтаудағы басқарма құжаттары 394461 сақтау бiрлiгi;

-ұзақ уақыттағы және уақытша сақтаудағы 3500 сақтау бiрлiгi;

-жеке құрам бойынша 24914 сақтау бiрлiгi;

-жеке шығу тегi бойынша 2019 сақтау бiрлiгi;

-ғылыми-техникалық құжаттар 869 сақтау бiрлiгi;

-фотоқұжаттар 8424 сақтау бiрлiгi;

-үнқұжаттары 149 сақтау бiрлiгi;

-киноқұжаттар 466 сақтау бiрлiгi;

-бейнеқұжаттар 72 сақтау бiрлiгi.

Бiрiншi жартыжылдықта құжаттарды мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 200 сақтау бiрлiгiнiң күйi жақсартылды, соның iшiнде 100 сақтау бiрлiгiнiң 272 парағы қалпына келтiрiлдi, бұл қор № 33 «Атбасар уездiк халық ағарту бөлiмi», № 1239 «Ақмола-Авиа» АҚ, көлемi 8947 парақтан құралған, 100 сақтау бiрлiгi тiгiлдi (Қор №№ 33, 1239).

Жоспар бойынша 1200 сақтау бiрлiгiнiң орнына 3009 сақтау бiрлiгi мұқабаланды, бұл қорлар: № 1421, 1508, 1544, 1553, 1561, 1610, 1611 және басқа да қорлар (Қосымша № 1).

«Атбасар уездiк кеңес жұмысшы-шаруа милициясы» № 37 қорының өшiп бара жатқан 25 парақ мәтiнi қалпына келтiрiлдi.

№ 115, 189, 131, 175, 176, 178, 222 қорлары бойынша аса құнды құжаттардың 25 сақтау бiрлiгi анықталды және оған ҒАА құрылды. Анықталған аса құнды құжаттар тiзiмделдi.

10000 сақтау бiрлiгiнiң күйi мен барына тексерiс өткiзiлдi:

- № 1451, 1479, 1482, 1483, 1484, 1485, 1486, 1507, 1525 және басқа да қорлар. (Қосымша № 2)

Iстердiң түгендеу тексерiсiн өткiзу нәтижесiнде есептiк құжаттарында техникалық қателiктер туралы актiсi (05.02.2016 № 1 актi) құрастырылды, «Көкшетау облыстық аптекалық басқарма» № 1458 қорында қалдық 2 сақтау бiрлiгiне көбейдi; «Көкшетау облысының таратылған балалар үйi коллекциясы» № 1514 қоры — 2 сақтау бiрлiгiне көбейдi (10.06.2016 № 1 актi).

Барлығы — 4 сақтау бiрлiгiне көбейдi. Тексерiс нәтижесi бойынша есептiк құжаттарға тиiстi өзгертулер енгiзiлдi.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнен берiлген № 1451, 1479, 1482, 1483, 1484, 1485, 1486, 1507, 1525 және басқа да қорының iстерiн қайта шифрлау жөнiндегi жұмысы жалғасуда, барлығы — 10000 сақтау бiрлiгi. (Қосымша № 2)

Мемлекеттiк сақтауға алынған: — қайта құрылуына байланысты:

№ 1544 қ. «Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ  — 350 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда, 102 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1610 қ. «Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясы» ММ — 17 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда, 5 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1586 қ. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет- құрылыс бақылау басқармасы» ММ  — 7 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда;

№ 1611 қ. «ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi балық шаруашылық комитетi Есiл облыс аралық бассейндiк балық шаруашылық испекциясы» РММ — 60 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда және 48 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1561 қ. «ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi орман және аңшылық шаруашылығы комитетi Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылық аумақтық инспекциясы» РММ  — 118 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда, 31 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1612 қ. «Ақмола облыстық коммуналдық меншiктi басқармасы» — 32 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда;

- ведомстволық сақтау мерзiмi аяқталуына байланысты:

№ 1553 қ. «Көкшетау» Мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi» РММ  — 135 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда;

№ 1025 қ. «Ақмола облыстық соты» ММ — 175 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда;

№ 1421 қ. «Қазакстан Халық банкi» АҚ Ақмола облысының филиалы — 158 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда;

№ 1508 қ. «Ақмола облысының ауыл шаруашылық дақылдарын сорт сынау бойынша инспектурасы» ММ — 315 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда;

№ 253 қ. «ҚР Ұлттық банкi» РММ Ақмола филиалы» — 13 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда;

№ 1290 қ. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» — 313 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда;

№ 378 қ. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ — 119 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда;

№ 1496 қ. «Ақмола облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК — 45 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда;

№ 1613 қ. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлiк қоғамының Ақмола филиалы — 46 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда;

жабылуына байланысты:

№ 493 қ. «Облыстық кәсiподақ кеңесiнiң Целиноград облыстық кино бойынша кеңесi» — 13 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 653 қ. «Ақмола облыстық кәсiподақ кеңесi» — 20 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 820 қ. «Целиноград облыстық мемлекеттiк сауда қызметкерлерi және тұтынушылар кооперациясы кәсiподағының комитетi» — 23 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1050 қ. «Целиноград облыстық ғылыми және инженерлiк қоғамы одағының басқармасы» — 42 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 486 қ. «Целиноград облыстық көкенiс-жемiс және дайындау шаруашылығы қызметкерлерiнiң кәсiподағы» — 3 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 647 қ. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментi» ММ — 49 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда;

№ 1512 қ. «Көкшетау облыстық ветеринарлық лабораториясы» — 42 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда, 12 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1531 қ. «Жер ресурстарын басқару комитетiнiң Ақмола облысы бойынша аймақтық жер инспекциясы» ММ — 50 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда, 61 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

Соғыс тарихын зерттеушiсi Д. Игсатовадан Ақмола облысының тарихы бойынша құжаттарды алуға байланысты «Ақмола облысы тарихы бойынша құжаттар топтамасы» № 1115 қорына 1 сақтау бiрлiгi қабылданды.

Барлығы: 2405 сақтау бiрлiгi қабылданды, соның iшiнде 2045 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауға, 360 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша.

Облыстық мемлекеттiк архивiнiң жеке шығу тегi бойынша қоры құжаттармен толықтырылды:

- № 1614 қ. «Абуова Латипа Негметовна — еңбек ардагерi, кiтапханашы» — 26 сақтау бiрлiгi, 73 құжат.

Мемлекеттiк сақтауға 11 сақтау бiрлiгi, 4 сақтау есебi бейнеқұжат қабылданды.

Сондай-ақ уақытша сақтау мерзiмдегi құжаттар қабылданды:

- № 1544 қ. «Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» — 184 сақтау бiрлiгi уақытша сақтау мерзiмi;

- № 1611 қ. «ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi балық шаруашылық комитетi Есiл облыс аралық бассейндiк балық шаруашылық испекциясы» РММ — 263 сақтау бiрлiгi уақытша сақтау мерзiмi.

Барлығы: 447 сақтау бiрлiгi уақытша сақтау мерзiмiне құжаттар қабылданды.

Жаңа бес қор құрылды №№ 1610 — 1614 дейiн:

1) № 1610 қ. «Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясы» ММ;

2) № 1611 қ. «ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi балық шаруашылық комитетi Есiл облыс аралық бассейндiк балық шаруашылық испекциясы» РММ;

3) № 1612 қ. «Ақмола облыстық коммуналдық меншiктi басқармасы»;

4) № 1613 қ. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлiк қоғамының Ақмола филиалы;

5) № 1614 қ. «Абуова Латипа Негметовна — еңбек ардагерi, кiтапханашы».

Бiрiншi жартыжылдықта «Қазақстан Компартиясының Целиноград аудандық комитетi» № П-25 қорының тiзiмдемелерiн қайта өндеу бойынша жұмыстар жалғастырылды, 645 сақтау бiрлiгi қайта өңделдi.

Алғашқы партиялық ұйымдардың топтамасы құрылды:

-№ П-180 қ. «Астрахан ауданының кәсiпорындар мен мекемелердiң алғашқы партиялық ұйымдардың құжаттардың архивтiк топтамасы», қайта өңдеу нәтижесiнде қалдық 46 сақтау бiрлiгiне кемiдi, 8 қор бiрiктiрiлдi, 301 сақтау бiрлiгi қайта өңделдi. Брлығы қалдық 55 сақтау бiрлiгiне кемiдi. Жалпы 946 сақтау бiрлiгi қайта өңделдi.

Мемлекеттiк сақтаудағы 7 қорға уақытша сақтау мерзiмi бар құжаттардың құндылығына сараптама жұмысы жүргiзiлдi — 345 сақтау бiрлiгi. Ол келесi қорлар:

-«Уранликвидрудник» РМК — 14 сақтау бiрлiгi;

- «Наурыз Банк Казахстан» акционерлiк қоғамының (АҚ) Қостанай бөлiмшесiнiң жабылу комиссиясы — 2 сақтау бiрлiгi;

-«Эко Полис сақтандыру компаниясы» АҚ Ақмола филиалы  — 18 сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облысының жұмылдыруға дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөнiндегi басқарма» ММ — 45 сақтау бiрлiгi.

-«Ақмола облысы бойынша көшi-қон департаментi» ММ — 44 сақтау бiрлiгi.

-«Балалар құқығын қорғау департаментi» ММ — 27 сақтау бiрлiгi;

-«ҚР мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ — 157 сақтау бiрлiгi.

«Архивтiк қор» бағдарламасына № 1336 — № 1445 қорларды енгiзу жұмысы жалғасуда, 110 қор енгiзiлдi.

Excel электронды форматында тiзiмдердi құрастыру жұмысы аяқталды — 414660 сақтау бiрлiгi;

Архив қызметкерлерiне архив қоймаларынан 5234 сақтау бiрлiгi берiлдi.

Өлшеу-бақылау аспаптарының көмегiмен температуралық–ылғалдылық режимiне жұмасына екi рет бақылау жүргiзiледi, көрсеткiштер температура — ылғалдылық режимiн тiркеу журналында белгiленедi.

Ай сайын архив қоймаларына дезинфекциялық және дезинсекциялық тазалау өткiзiледi.

2.Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастыру, ведомстволық архивтердiң ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылығы және мекемелердiң, ұйымдар мен кәсiпорындардың iс жүргiзуiндегi құжаттарды ұйымдастыру

Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң ведомстволық архивтердi бақылау бөлiмiнiң 2016 жылғы I жартыжылдық бойы жұмысы облыстық мекемелерде құжаттау және құжаттандыруды басқару үрдiсiн жақсартуға арналды.

Басқарманың СТӘК отырысында жоспар бойынша 1 iстер номенклатурасының орнына 3 iс дайындалып, келiсiлдi:

1.«Ақмола облысы әкiмнiң аппараты» ММ;

2. ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң Тұтынушыларды қорғау комитетiнiң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ МКК Ақмола облысы бойынша филиалы;

3.«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы «Жылжымайтын мүлiк орталығы» департаментi.

Басқарманың СТӘК отырысында жоспар бойынша 2 iстер номенклатурасының орнына 20 iс жетiлдiрiлiп, келiсiлдi:

1. «Қазақстан Ұлттық банкi» АҚ Ақмола облыстық филиалы;

2. «Ақмола облысының қала құрылысы және сәулет басқармасы» ММ;

3. Ақмола облысының мәдениет басқармасының «Әдебиет және өнер музейi» КММ;

4. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» ММ;

5. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» ММ;

6.«Ақмола облысының дiн iстерi бойынша басқармасы» ММ;

7.«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ;

8.Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының «Ақмола облыстық «ЖИТС» -пен күрес және алдын-алу орталығы» ММ;

9. «ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ;

10.«ҚР IIМ төтенше жағдайлар бойынша комитетiнiң Көкшетау техникалық институты» КММ;

11.«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемi аумақтық инспекциясы» ММ;

12. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақмола филиалы;

13. «Ақмола мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» ММ;

14. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы периноталды орталық» ШЖҚ МКК;

15. Ақмола облысының бiлiм басқармасының «Облыстық оқу-әдiстемелiк кабинетi» КММ;

16. ҚР энергетика министрлiгiнiң «Казгидромет» ШЖҚ РМК филиалы;

17. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ;

18. «Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп комитетiнiң басқармасы» ММ;

19. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ;

20. «ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ.

14 iс номенклатурасы дайындалып, келiсiлдi.

СТӘК отырысында жоспар бойынша 8 ведомстволық архив ережесi мен сараптау комиссиясы туралы ереженiң орнына 14 ереже мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындалып, келiсiлдi.

1. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ;

2. «Ақмола облысының дiн iстерi бойынша басқармасы» ММ;

3. «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ;

4. «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы АҚ;

5. «Ақмола облысының мемлекеттiк кiрiстер департаментi» ММ;

6. «ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ;

7. «ҚР IIМ төтенше жағдайлар бойынша комитетiнiң Көкшетау техникалық институты» КММ;

8. «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемi аумақтық инспекциясы» ММ;

9. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақмола филиалы;

10. «Ақмола мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» ММ;

11. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ;

12. Ақмола облысының бiлiм басқармасының «Облыстық оқу-әдiстемелiк кабинетi» КММ;

13. ҚР энергетика министрлiгiнiң «Казгидромет» ШЖҚ РМК филиалы;

14. ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң Тұтынушыларды қорғау комитетiнiң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ МКК Ақмола облысы бойынша филиалы.

Басқарманың СТӘК отырысында жоспар бойынша 2 iс жүргiзу ережесiнiң орнына мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде 7 ереже келiсiлдi:

1.«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ;

2.«ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ;

3.«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемi аумақтық инспекциясы» ММ;

4.«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақмола филиалы;

5.ҚР ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетiнiң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалы;

6.«ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ;

7.«Ақмола облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.

Iс жүргiзу ережесi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде келiсiлдi (3):

- ҚР энергетика министрлiгiнiң «Казгидромет» ШЖҚ РМК филиалы;

- «Сот сараптамасы орталығы» РМКК;

- «Ақмола облысының Қ.Құрманбаев атындағы туберкулезге қарсы диспансерi» МККК.

Тұрақты сақтау тiзiмдемелерiн дайындау және СТӘК отырысында келiсу бойынша әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетiлдi (2):

-«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ;

- «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ.

Келесi мекемелердiң iстер номенклатурасы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде СТӘК отырысына тапсырылды (3):

-«Сот сараптамасы орталығы» РМКК;

-«Ақмола облысының Қ.Құрманбаев атындағы туберкулезге қарсы диспансерi» МККК;

-«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ.

Ведомстволық архив, сараптау комиссиясы туралы ережелер мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде СТӘК отырысына тапсырылды (1):

-«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ.

Келесi мекемелердiң жоюға бөлiнген актiлерiмен жұмыс жалғасуда (3):

-ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Ақмола облыстық филиалы;

-«Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ;

-«Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының «Ақмола тасымалдау бөлiмшесi» филиалы;

Келесi мекемелердiң тұрақты және жеке құрам бойынша тiзiмдемелерi тексерiлу үстiнде (5):

-«ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң статистика бойынша комитетiнiң Ақмола облыстық ақпараттық — есептеу орталығы ШЖҚ МКК;

-«Ақмола облысының статистика департаментi» ММ;

-ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК;

-«Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының «Ақмола тасымалдау бөлiмшесi» филиалы;

 — ҚР энергетика министрлiгiнiң «Казгидромет» ШЖҚ РМК филиалы.

Денсаулық сақтау және БАҚ өкiлдерiнiң аясында «Жаңа үлгiлiк тiзбеге сай iстер номенклатурасын құру» тақырыбы бойынша жоспарлы семинар өткiзiлдi, оған 27 адам қатысты.

Сонымен қатар бөлiм басшысы Ақмола облыстық сотында «Жеке құрам және тұрақты сақталатын құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және тiзiмдердi СТӘК отырысына тапсыру» тақырыбында жоспардан тыс семинар өткiздi.

Ұлттық архив қорының жинақтау көзi болып табылатын мекемелер мен ұйымдарға хабарласып, паспортизацияға дайындықтың басталғанын хабарладық. Паспортизация бойынша 130 хат дайындалып, таратылды.

Қазiргi кезде 20 паспорт дайын, бұл саладағы жұмыс жалғасуда.

Жоспар бойынша 10 бейнеқұжаттың орнына СТӘК отырысына 11 сақтау бiрлiгiндегi бейнеқұжат дайындалып, келiсiлдi.

Жоспар бойынша 25 фотоқұжат орнына 41 сақтау бiрлiгiндегi фотоқұжаттар СТӘК отырысына тапсырылды.

Мәдениет саласының қайраткерi Л.Н.Абуованың жеке шығу тегi бойынша тiзбе дайындалып, СТӘК отырысына тапсырылды.

Бөлiм халықаралық архив күнiне орай дайындық жұмыстарын жүргiздi,

«Үздiк архивист» жарысына қатысуға дайындалу үстiнде.

СТӘК сарапшысы ретiнде жұмыс жүргiзiлуде, сарапшы ретiнде жалпы 31 құжат тексердi.

Сонымен қатар құжаттарды мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлiмiне көмек көрсетiлiп, EXELL бағдарламасына 35 мың тiзбе енгiзiлдi.

3. Ақпараттық-iздеу жүйесiн құру, ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану

Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң жұмысы Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң 2016 жылға бекiтiлген жұмыс жоспарына сәйкес құрылды.

Түрлi мерейтойлық және мереке күндерiне орай келесi жоспарлы жұмыстар өткiзiлдi:

Ғарыштың игерiлуiне 55-жылдығына арналған «Дала айлағы» виртуалды көрмесi дайындалып, облыстық мемлекеттiк архив сайтына орналастырылды. Экспозициялық жоспарға бiздiң өңiрiмiзге келген космонавтардың архивтiк фотолары, Юрий Гагариннiң Тың өлкесiнiң еңбекшiлерiне жолдаған жеделхаты, құжаттар, газет басылымдары енгiзiлдi.

Ұлы Отан соғысының Жеңiсiне дәстүрлi түрде архивтiк көрме (2) жасалынды. «Майданда да, тылда да…» жаңа экспозициясы аймақтағы тұрғындардың жеңiске қосқан үлесi туралы баяндайды. Экспозициялық жоспарға 54 экспонат, оның iшiнде зерттеу жұмыстары кезiнде анықталған жаңа құжаттар да бар. Көрменi дайындау барысында облыстық мемлекеттiк архив қоры соғыс жылдары Ақмола облысына көшiрiлген Макинск поршень сақиналар зауытының тарихы туралы Бұланды ауданының өлкетанушыларымен жинақталған фотосуреттермен, азаматтардың жеке архивтерiнен фотосуреттермен толықты. Жеңiстiң 70-жылдығына арналған архивистер дайындаған «Соғыс. Жеңiс. Естелiк» құжаттар жиынтығы алғашқы рет ұсынылды.

Халықаралық архивтер күнiне орай Ақмола облысының мемлекеттiк архивi «Өткен жылдар iзiмен» атты көшпелi көрме (3) дайындады. Экспозицияға аймақтың ең маңызды әрi қызыққа толы оқиғалар, тарихи деректер көрсетiлген құжаттар енгiзiлдi. Құжаттар ақпараттық, олардың мәдени және ғылыми құндылығы толыққан тұрғысынан iрiктелдi. Көрмеге 47 экспонат қойылды.

(Сурет) Ұлы Отан соғысының Жеңiсiне 71-жылдығына арналған «Майданда да, тылда да…» көрменiң ашылуында. 05.05.2016

90 жыл бұрын трахтоматоз ауруханасы ретiнде ашылған Көкшетау офтольмологиялық ауруханасының шығу тарихы туралы баяндалатын ақпараттық хат (1) Ақмола облыстық ауруханасына дайындалып, жiберiлдi.

Архив қызметкерлерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалары жарияланды, 12 мақала дайындалды. «Известия национального центра археографии и источниковедения» №4/2015 журналында Қазақстан халықтарының ассамблеясының 20-жылдығына орай «Қазақстан мұрағаттары» (автор Г.Салық) мақаласы (1) жарияланды. 2015ж.24.03. «Степной маяк» газетiнде 1921 жылғы большевиктерiне қарсы шаруалар көтерiлiсiнiң 95-жылдығына орай «Степной армагедон» (автор О.Полеткина) мақаласы (2); 2016ж.16.04. «Акмолинская правда» газетiнде құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану туралы облыстық мемлекеттiк архив жұмысы туралы баяндайтын «В архивах отражение эпохи» (автор Г.Салық) мақаласы (3) жарық көрдi. «Степной маяк» газетiнде төмендегi басылымдар жарияланды: кеңес, партия қызметкерi, соғыс жылдары Көкшетау райком партиясының 1-шi секретарi Т.Қ.Қаңтарбаевтың 100-жылдығына арналған «Солдаты тыла» (05.04.2016) мақаласы (4), Ұлы Отан соғысында жерлестерiмiздiң қатысуы туралы баяндайтын «О днях боевых и трудовых» (19.04.2016) мақаласы (5), облыстық мемлекеттiк архивiнде «Майданда да, тылда да…» көрмесi туралы «Состоялось открытие выставки» (10.05.2016) жазбасы (6); 2016ж. 07.05. «Арқа ажары» газетiнде «Тыл тыным таппады» мақаласы (7) жарияланды, басылым авторы — Г.Салық. 2016ж.26.05. «Курс» газетiнде 20-жылдардағы ашаршылық туралы баяндайтын «Жизнь в Акмолинской губернии в 20-х годах прошлого века» (автор А.Шарипов) мақаласы (8) жарияланды. 2016ж.31.05. «Ақмолинская правда» газетiнде саяси қуғын құрбандарын еске алу күнiне орай 1936 жылы аймағымызға жiберiлген поляк диаспорасы туралы айтылатын «О чем говорят архивы» (автор Г.Узакпаева) мақаласы (9); «Акмолинская правда» газетiнде 30-шы жылдары қуғынға ұшыраған У.Жұмабаев туралы «Жизнь его — и стойкости, и верности пример» (автор Г.Салық) мақаласы (10) жарық көрдi. Педагогика қызметiнiң ардагерi, бұрынғы ҚазССР министрi К.Балахметовтың 90-жылдығына орай жеке қорындағы құжаттар туралы баяндайтын мақала (11) жарияланды. 2016ж. 09.06. «Акмолинская правда» газетiнде Халықаралық архивтер күнiне байланысты облыстық мемлекеттiк архив басшысынан алынған сұхбат (12 мақала) басылды.

Телеканалда архив қызметiн насихаттайтын сюжеттер шықты. 06.05.2016 Жеңiстiң 71-жылдығына арналған архив көрмесi туралы сюжет (1); 13.05.2016 «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет туралы № 2 ХҚКО өткiзiлген семинар жайлы сюжет (2). Халықаралық архивтер күнiне арналған салтанатты шарада облыстық мемлекеттiк архив басшысы тiлшiге берген сұхбаты 13.06.2016 эфирге шықты (3 сюжет).

4 экскурссия өткiзiлдi: «Майданда да, тылда да…» архивтiк көрмесi бойынша, «Өткен жылдар iзiмен» көшпелi көрме бойынша, архив бойынша шолу көрме.

Жеңiс күнi қарсаңында Красный Яр с. № 2 мектебiнде 8-10 сынып оқушыларына «Ақмола облысы Ұлы Отан соғысы жылдары» лекция-сабақтары (4) өткiзiлдi. Сабақ барысында интерактивтi тақта қолданылды, 23 құжат, 33 слайд көрсетiлдi.

(Сурет) Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң архивисi Н.Кукушева «Ақмола облысы Ұлы Отан соғысы жылдары» сабағын өткiзуде. 27.04.2016

2016 жылдың 17 ақпанында ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң қызметкерлерi № 1 ХҚКО-да «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет бойынша семинар-кеңес өткiздi. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы сұраныстар санын көбейту, мемлекеттiк қызмет сапасын жақсарту бойынша сұрақтар қарастырылды. Материалды жеткiзуде видеопроектор қолданылды. 45 адам қатысты.

2016 жылдың 25 сәуiрiнде № 2 ХҚКО-да семинар-кеңес (2) өткiзiлдi. Оның тақырыбы 2015 жылдың 17 сәуiрiндегi № 138 «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандартының өзгерiстерi, ХҚКО және ЭҮП арқылы жасаған азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау сапасын арттыру жөнiндегi өзектi сұрақтар қамтыды. Орталық қызметкерлерiне «Облыс орталығының мемлекеттiк органдарындағы архив құжаттарының орналасуы туралы жадынама» дайындалып, таратылды. Архивистер орталық қызметкерлерiн жаңа талаптармен таныстырып, өзара әрекеттесу сұрақтарын талқылап, орталық қызметкерлерiнiң сұрақтарына жауап бердi. Семинарға облыстық мемлекеттiк архив басшысы мен № 2 орталық басшысы қатысты, облыстық телевидения тiлшiлерi шақырылды. ХҚКО 27 қызметкерi қатысты.

Целиноград обкомпартияның номенклатурлы қызметкерлерiнiң жеке каталогын құру бойынша жұмыс жүргiзiлдi, 500 карточка жасалынды.

2016 жылдың 21 маусымына жеке және заңды тұлғалардан әлеуметтiк-құқықтық, тақырыптық және генеологиялық сипаттағы 863 сұраныс орындалды. Олар: әлеуметтiк-құқықтық — 775, соның iшiнде ХҚКО арқылы — 263, ЭҮП арқылы — 150 сұраныс, тақырыптық — 72, генеологиялық — 16.

Бұдан басқа, орталық мемлекеттiк органдардан, шетел мекемелерiнен, жергiлiктi орындаушы органдардан 450 сұраныс түстi.

Әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы: қанағаттандырылған — 198, қанағаттандырылмаған — 156, бейiндi емес — 421.

Тақырыптық сипаттағы: қанағаттандырылған — 55, қанағаттандырылмаған — 15.

Генеологиялық сипаттағы:

қанағаттандырылған — 5, қанағаттандырылмаған — 10, бейiндi емес — 1.

Орталық мемлекеттiк органдардың, шетел мекемелерiнiң, жергiлiктi орындаушы органдардың сұраныстары

қанағаттандырылған — 48

қанағаттандырылмаған — 52

Бейiндi емес — 350.

Оқу залында 33 зерттеушi жұмыс iстедi, 105 қатысу тiркелдi, 290 сақтау бiрлiгi берiлдi. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары: «1920-1997 жылдары Ақмола облысының бiлiм жүйесi», «20-жылдары әлеуметтiк-экономикалық жағдай», халықтардың қуғынға ұшырауы және оларды Солтүстiк Қазақстанға көшiру, елдi мекендер тарихы, генеологиялық, биографиялық және басқа да зерттеулер.

4.Ақпараттық технологиялар бөлiмi

Ақпараттық технологиялар бөлiмi 2016 жылдың 1 жартыжылдығында келесi жұмыстарды жүргiздi:

Құжаттарды сканерден өткiзу 350 сақтау бiрлiгiн құрады (40752 парақ);

Бағдарламалық қамсыздандырудың өзектi жаңартуларын орнату — 20;

Iстердi тiгу — 350 сақтау бiрлiгi — 40752 бет;

Қызметкерлер мен келушiлердiң сұранысы бойынша сканерден өткiзу және өңдеу — 985 парақ;

«Еңбек ардагерi» ДҚ толықтыру — 275 тегi;

Цифрлық деректердi өңдеу — 24818 сурет;

«Ақмола облысы архивiнiң тарихы» көрмесi үшiн құжаттарды зерттеу — 17 бет, сондай-ақ «Ақмола облысының ұйымдары мен мекемелерiнiң тарихы» жинағы үшiн құжаттарды зерттеу — 3 парақ;

«Ақмола облысындағы ашаршылық (1921-1922)» мақаласы үшiн құжаттарды жинақтау — 35 парақ;

Excel MS тiзбелердi енгiзу — 17340 атау;

Adobe Reader бағдарламасы арқылы бейненi doc және docx мәтiн форматына аудару — 200 парақ;

Excel MS бағдарламасындағы жұмыс бойынша қызметкерлерге кеңес өткiзiлдi;

Компьютерлердi жөндеу — 11 дана;

Көрме, кiтапты безендiру және әрлендiру — 5;

Құттықтау ашық хаттары — 22 парақ;

Үлдiрге жазу жалпы — 15 орама, қазiргi кезде бұл жұмыс жалғасуда.

Excel MS тiзбелердi енгiзу — 17340 атау, архив қызметкерлерi басқан тұрақты сақтаудағы тiзiмдемелердi жинап, бiрiктiру жұмыстары жүргiзiлдi, бүгiнгi күнi бұл жұмыс партиялық тiзiмдемелер бойынша жалғасуда.

5.Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Есеп беру кезеңiнде мемлекеттiк архив қызметкерлерiн архив саласындағы жұмыс тәжiрибесi туралы, жұмыстың жаңа түрлерi мен әдiстерi туралы уақытылы ақпараттандыру жұмысы жалғасуда. Жаңа ережелер енгiзiлдi, үлгiлiк ереженi бiлу бойынша оқулар өткiзiлдi. Облыстық архивте iс қағаздарын жүргiзу Мәдениет және спорт министрлiгiнiң 2014 жылдың 22 желтоқсанында №144 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттау және құжаттаманы басқару үлгiлiк қағидасына сәйкес жүргiзiледi.

2016 жылдың 1 жартыжылдығында негiзгi қызмет жөнiнде 29 бұйрық, жеке құрам бойынша — 42, демалыс беру туралы — 34 бұйрық, әкiмшiлiк-шаруашылық, жазаға тарту жөнiнде — 21 бұйрық дайындалды.

Мамандық бойынша еңбек өтiлiн есептеу бойынша комиссияның 7 отырысы өткiзiлдi, хаттамалары дайындалды.

Ай сайын аппарат оқулары өткiзiлдi. Жасалған жұмыстардың есебi әрдайым жүргiзiледi. Мемлекеттiк архив қызметкерлерiн және архив iсiнiң ардагерлерiн әлеуметтiк қорғау сұрақтары бойынша аса мән берiледi.

Архив басшысы                                                                                                                   Г. Салық


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.07.2016 18:13

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2021 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»