A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ЕСЕП 2017 жылдың 1 жартыжылдығы үшін Ақмола облысы Мемлекеттік архивінің жұмысы туралы

Кiрiспе

«Мемлекеттiк архивтiк қор және архивтер туралы» ҚР Заңын басшылыққа ала отыра, 2017 жылдың 1 жартыжылдығында облыстық мемлекеттiк архивтiң жұмысын жетiлдiруге бiршама назар аударылды. Облыстың мемлекеттiк архивi ұжымының отырысында облыстық мемлекеттiк архив ұжымының жұмысын одан әрi белсендiрiлуiне күш-жiгер берген Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жолдауының негiзгi бағыттарына түсiнiктеме берiлдi.

2017 жылдың 1 жартыжылдығына құрастырылған жоспар бойынша 6 аппараттық отырыс өткiзiлдi:

-2016 жылы үшiн Ақмола облысы мемлекеттiк архивi жұмысының қорытындылары мен алдағы жылдағы мiндеттерi жөнiнде;

-«Президенттiң Қазақстан халқына жолдауы, негiзгi бағыттары»;

-«2015 жылдың типтiк ережелерiне сәйкес iстердiң номенклатурасын құрастыру»;

-«Мемлекеттiк сатып алуларды жүргiзу тәртiбi» және 2017 жылдың 1 тоқсаны үшiн жұмыстардың қорытындылары жөнiнде;

-«Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметi стандартымен реттелетiн сұраулары орындау тәртiбi»;

-«Археография теориясы мен тәжiрибесi».

Сараптамалық комиссияның 21 отырысы өткiзiлдi, сонымен қатар, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру тәртiбi туралы» №2340 2007 жылдың 12 қаңтарындағы ҚР Заңының орындалуы аясында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша iс-шаралардың кешенi жүргiзiлуде.

Қызметкерлерге қауiпсiздiк техникасы бойынша жылсайынғы нұсқаулық жұмыстары жүргiзiлдi.

1.Қазақстан Республикасы Ұлттық архивтiк қоры құжаттарының сақтауы мен мемлекеттiк есебiн қамтамасыз ету

01.07.2017жылдың жағдайы бойыншаАқмола облысының мемлекеттiк архивiнде 1395 қор, 444427 сақтау бiрлiгi, соның iшiнде: тұрақты сақтаудың басқару құжаттарының 402244 сақтау бiрлiгi; ұзақмерзiмдi және уақытша сақтаудың 3038 сақтау бiрлiгi; жеке құрам бойынша 26812 сақтау бiрлiгi; жеке тек бойынша 2188 сақтау бiрлiгi; ғылыми-техникалық құжаттаманың 869 сақтау бiрлiгi; фотоқұжаттардың 8576 сақтау бiрлiгi; фоноқұжаттардың 149 сақтау бiрлiгi;

киноқұжаттардың 466 сақтау бiрлiгi; бейнеқұжаттардың 85 сақтау бiрлiгi.

Құжаттардың сақталуы мен мемлекеттiк есебiн қамтамасыз ету үшiн бiрiншi жартыжылдықта 240 сақтау бiрлiгiнiң жағдайы түзетiлдi, соның iшiнде 144 сақтау бiрлiгi /150 парақ реставрациядан өттi, 10600 парақтан тұратын 96 сақтау бiрлiгi тiгiлдi. (қосымша №1).

Қатырмаланды — 4639 сақтау бiрлiгi келесi қорлар бойынша: №25,1480,1486, 1495, 1504, 1512, 1636,1637, 1650 және т.б.

«Арнайы мақсаттағы бөлiмдер штабы» №204 қоры бойынша (30 — парақ) түсiнен айырылып жатқан мәтiн қайта қалпына келтiрiлдi.

Ерекше құнды iстердiң 29 сақтау бiрлiгi анықталды (Қосымша №2).

Көкшетау қаласы мемлекеттiк архивiнен таратылған қор iстерiнiң саны мен жағдайы тексерiсi жүргiзiлдi — 13043 сақтау бiрлiгi (Қосымша №3).

Қайта шифрлеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Барлығы 13043 сақтау бiрлiгi қайта шифрлендi.

Партиялық есептiк құжаттар кешендерiнiң саны тексерiстен өттi — 160 қорлар.

Мемлекеттiк сақтауға ұйымның тарауына байланысты қабылданды:

-«Ақмола облысы көлiктiк бақылау комитетiнiң басқармасы» ММ 1636 қоры — 1 сақтау бiрлiгi, 11 тұрақты сақтау бiрлiгi;

-«Жылжымайтын мүлiк Орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облыстық филиалы 1640 қоры, 92 сақтау бiрлiгi, 558 тұрақты сақтау бiрлiгi;

-«Акмолагипрозем» мемлекеттiк жобалық институт 1641 қоры — 308 сақтау қоры;

-«Ақмола облысы балалардың құқығын қорғау басқармасы» ММ №1647 қ. — 7 тұрақты сақтау бiрлiгi, 12 жеке құрам сақтау бiрлiгi;

-«Арқа ажары» газетi редакциясы» ШЖҚ МҚК №1648 қ. — 76 тұрақты сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облысы сот актiлерiн орындау департаментi» ММ №1650 қ. — 129 тұрақты сақтау бiрлiгi, 217 жеке құрам сақтау бiрлiгi;

-«Бiлiм берудегi мониторинг, жаңа технологиялар, ақпараттандыру және оқу-әдiстемелiк жұмыс орталығы» КММ №1654 қ. — 96 жеке құрам сақтау бiрлiгi.

-қысқартумен байланысты:

-Целиноград облыстық ерiктi денешынықтыру-спорттық қоғамның (ЕДСҚ) Кеңесi 1638 қоры — 19 сақтау бiрлiгi;

-«Құрылыс және өндiрiстiк құрылыс материалдары жұмысшылар кәсiподағының Целинорград облыстық комитетi» 948 қоры — 8 сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облысы мемлекеттiк санитарлық-эпидемологиялық қадағалау департаментi» ММ №1649 қ. — 241 тұрақты сақтау бiрлiгi.

таратумен байланысты:

-«Ақмола облысы бойынша ҚР Аймақтық даму министрлiгiнiң жер ресурстарын басқару бойынша Комитетiнiң территориалдық жер инспекциясы» ММ 1531 қоры -13 сақтау бiрлiгi, 8 тұрақты сақтау бiрлiгi;

-Ведомстволық сақтау мерзiмiнiң аяқталуымен байланысты:

-«Ақмола облысы еңбекпен қамту мен әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiрудi басқару» ММ 921 қоры  — 223 тұрақты сақтау бiрлiгi;

-«М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кiтапхана» ММ 1639 қоры  — 178 тұрақты сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МҚК №1642 қ. — 154 тұрақты сақтау бiрлiгi;

-«Облыстық олимпиада резервiн даярлау орталығы» ММ №1643 қ. — 47 тұрақты сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облысы соттарының әкiмшiсi» ММ №1644 қ. — 151 тұрақты сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты» ММ №1645 қ. — 36 тұрақты сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ №1646 қ.  — 114 тұрақты сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ №645 қ. — 154 тұрақты сақтау бiрлiгi;

-«Қазақстан» ҚРРТ» АҚ Ақмола облыстық филиалы №1549 қ. — 22 тұрақты сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасы» ММ №1653 қ. — 123 жеке құрам сақтау бiрлiгi.

«Ақмола облысы тарихы бойынша құжаттар коллекциясы» №1115 қорына Ұлы Отан соғысы ардагерлерi, Ақмола облысы тұрғындары жөнiнде құжаттар келiп түстi. №12 тiзiмдеме, — 7 сақтау бiрлiгi.

Барлығы 3395 сақтау бiрлiгi қабылданды, соның iшiнде 2035 тұрақты сақтау бiрлiгi, 1360 жеке құрам сақтау бiрлiгi бойынша.

Облыстық архивтiң жеке тектiк қорлары келесi құжаттармен толықтырылды:

-№1651 қ. «Климошенко Иван Сергеевич — Қаз КСР халық ағарту iсiнiң озаты, еңбек ардагерi» — 22 сақтау бiрлiгi, 81 құжат;

-№1652 қ. «Көшкенұлы Сайлау — ҚР мәдениет қайраткерi, ҚР журналистер одағының мүшесi, ақпарат үздiгi, еңбек ардагерi» -24 сақтау бiрлiгi, 51 құжат;

-№1655 қ. «Сабатаев Рақымбек Мәлiкұлы — бiрiншi қазақ инженер-энергетигi, КСРО энергетика және электрификация үздiгi» — 22 сақтау бiрлiгi, 24 құжат.

Барлығы 68 жеке тек сақтау бiрлiгi, 156 құжат қабылданды.

Мемлекеттiк сақтауға қабылданды: фотоқұжаттар — 47 сақтау бiрлiгi; бейнеқұжаттар — 13 сақтау бiрлiгi, 5 есеп бiрлiгi.

№1638-ден бастап, №1655 аралығында жаңадан 18 жаңа қор құрылды:

-Целиноград облыстық ерiктi денешынықтыру-спорттық қоғамның (ЕДСҚ) Кеңесi 1638 қоры;

-Целиноград облыстық ерiктi денешынықтыру-спорттық қоғамның (ЕДСҚ) Кеңесi 1638 қоры;

-«Жылжымайтын мүлiк Орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облыстық филиалы 1640 қоры;

-«Акмолагипрозем» мемлекеттiк жобалық институт 1641 қоры;

-«Ақмола облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МҚК №1642 қ.;

-«Облыстық олимпиада резервiн даярлау орталығы» ММ №1643 қ.;

-«Ақмола облысы соттарының әкiмшiсi» ММ №1644 қ.;

-«Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты» ММ №1645 қ.;

-«Ақмола облысының Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ №1646 қ.;

-«Ақмола облысы балалардың құқығын қорғау басқармасы» ММ №1647 қ.;

-«Арқа ажары» газетi редакциясы» ШЖҚ МҚК №1648 қ.;

-«Ақмола облысының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi» ММ №1649;

-«Ақмола облысы сот актiлерiн орындау департаментi» ММ №1650 қ.;

-«Климошенко Иван Сергеевич — Қаз КСР халық ағарту iсiнiң озаты, еңбек ардагерi» №1651 қ;

- «Көшкенұлы Сайлау — ҚР мәдениет қайраткерi, ҚР журналистер одағының мүшесi, ақпарат үздiгi, еңбек ардагерi» №1652 қ.;

-«Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқарасы» ММ №1653 қ.;

-«Бiлiм беруде мониторинг, жаңа технологиялар, ақпараттандыру және оқу-әдiстемлiк орталығы» КММ №1654 қ.;

- «Сабатаев Рақымбек Мәлiкұлы — бiрiншi қазақ инженер-энергетигi, КСРО энергетика және электрификация үздiгi» №1655 қ.

Тоқсан iшiнде қор тiзiмдемелерiн қайта өңдеу бойынша жұмыстар жалғастырылды:

-«Қазақстан Компартиясының Целиноград аудандық комитетi» П-25, «Партияның Целиноградтық аудандық комитетi БПҰ» №П-467 өңдеуге 191 сақтау бiрлiгi алынды, қайта өңдеу нәтижесiнде 187 сақтау бiрлiгiне тiзiмдемелер қайта құрастырылды, қалдығы — 1 қор және 4 сақтау бiрлiгiне кемiдi;

-«Қазақстан Компартиясының Атбасар аудандық комитетi» 60 қор, «Партияның Атбасар аудандық комитетiнiң БПҰ» 88 қор өңдеуге 187 сақтау бiрлiгi алынды, қайта өңдеу нәтижесiнде 178 сақтау бiрлiгiне тiзiмдемелер қайта құрастырылды, қалдығы — 9 сақтау бiрлiгiне кемiдi.

Бастапқы партиялық ұйымдардың коллекциясы құрылды:

-«Астрахан ауданы кәсiпорындары мен мекемелерiнiң бастапқы партиялық ұйымдары құжаттарының архивтiк коллекциясы» №П-180 қоры, 272 сақтау бiрлiгiне тiзiмдемелер қайта құрылды. Өңдеу нәтижесiнде қалдық 57 сақтау бiрлiгiне, қорлардың саны 8 қорға азайды.

Барлығы қор бойынша 946 сақтау бiрлiгi қайта өңделдi.

Мемлекеттiк сақтауда жатқан 7 қордың уақытша сақтау мерзiмi құжаттарының бағалығы сараптамасы жүргiзiлдi — 480 сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу бойынша ҚР Агенттiгiнiң Департаментi» ММ 1544 қоры — 164 сақтау бiрлiгi;

-«Уранликвидрудник» РМК 1571 қоры — 12 сақтау бiрлiгi;

-«Наурыз Банк Қазақстан» АҚ тарату комиссиясының Ақмола бөлiмi 1537 қоры — 25 сақтау бiрлiгi;

-«Эко Полис» Сақтандыру компаниясы» АҚ Ақмола филиалы 1587 қоры — 101 сақтау бiрлiгi,;

-«Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы» ММ 1588 қоры — 49 сақтау бiрлiгi;

-«Балалардың құқығын қорғау департаментi» ММ 1597 қоры — 26 сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк қызмет бойынша ҚР Агенттiгiнiң Департаментi» ММ 1599 қоры — 103 сақтау бiрлiгi.

«Архивтiк қор» — бағдарламалық кешенiне қорларды енгiзу жұмыстары жалғастырылуда — 102 қор.

2011-2013 жылдардағы жолтiзбенi жетiлдiру бойынша жұмыстар жетiлдiрiлдi — 98 қор.

Есептiк кезең iшiнде архив және архивтiк қоймалар жұмысшыларымен — 5304 сақтау бiрлiгi берiлдi.

Қор карточкаларын Word бағдарламасына ендiру жұмысы жүргiзiлдi — 1386 қорлар.

Аптасына екi мәрте бақылау-өлшеу құрылғыларымен температуралық-ылғалдық режимге бақылау жүргiзiледi, көрсеткiштер температуралық-ылғалдық режим журналында тiркеледi.

Айсайын архив қоймаларының дезинфикциялық және дезинсекциялық өңдеулерi жүргiзiледi.

2.Қазақстан Республикасы Ұлттық архивтiк қорын құру, мекемелердiң, ұйымдардың және кәсiпорындардың iсжүргiзуiнде ведомстволық архивтер мен құжаттардың ұйымдастырылуын әдiстемелiк-ұйымдастырушылық басқару

2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығы iшiнде ведомстволық архивтердi бақылау бөлiмiнiң жұмысы облыстық құрылымдарда құжаттау мен құжаттамаларды басқару үдерiстерiнiң жағдайын жетiлдiруге жұмсалды.

Iстердiң номенклатурасын басқарудың СТӘК жетiлдiрiлiп, келiсiлдi (9)

1.Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ақмола облысы Мемлекеттiк архивi» КММ;

2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi»РММ Ақмола филиалы;

3.«Ақмола облысы экономика мен бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ;

4.«Жер кадастрының ғылыми-өндiрiстiк орталығы» департаментi — «Ақмола облысы бойынша азаматтар үшiн Үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамның филиалы;

5.Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлiгiнiң көлiктiк жолдар Комитетiнiң «Ақмолажоллаборатория» РММ;

6.«Республикалық ветеринарлық зертханасы» ШЖҚ РМК;

7.«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» РММ;

8.«Ақмола облысы әдiлет департаментi» ММ;

9.«Ақмола облыстық өлкетану музейi» КММ.

Бөлiммен 15 номенклатуралық iс әзiрленiп, келiсiлдi.

Ведомстволық архив туралы ережелер және сараптамалық комиссия жөнiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнегi ережелер СТӘК әзiрленiп, келiсiлдi (5):

1.Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлiгiнiң көлiктiк жолдар Комитетiнiң «Ақмолажоллаборатория» РММ;

2.Ақмола облысы қылмыстық iстерi бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың кеңсесi;

3.Ақмола облысы кәмелетке жас толмағандар iстерi бойынша мамандандырылған ауданаралық сот;

4.«Жер кадастрының ғылыми-өндiрiстiк орталығы» департаментi — «Ақмола облысы бойынша азаматтар үшiн Үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамның филиалы;

5.«Ақмола облысы статистика департаментi» ММ;

6.«Ақмола облыстық соты» ММ;

7.«Ақмола облысы Әдiлет департаментi» ММ;

8.«Ақмола облысы бойынша үкiмет азаматтар үшiн» коммерциялық емес акционерлiк қоғамның филиалы, ведомствоаралық әлеуметтiк төлемдердiң есептеу орталығы департаментi».

Бөлiммен 13 мекемелер мен ұйымдар бойынша мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде iс жүргiзу ережелерi әзiрленiп, бекiтiлдi.

СТӘК тұрақты сақтаудың тiзiмдемелерi әзiрленiп, бекiтiлдi:

-«ҚР Халық жинақтаушы банкi» АҚ Ақмола облыстық филиалы;

-Ақмола облысының мамандандырылған аудан аралық экономикалық соты;

- Қылмыстық iстер бойынша мамандандырылған сот.

Бөлiммен қылмыстық iстер бойынша мамандандырылған соттың уақытша сақтау (10 жылдан астам) iстерiнiң тiзiмдемелерi әзiрленiп, келiсiлдi.

-Бөлiммен бейнеқұжаттарға 13 сақтау бiрлiгi көлемiнде тiзiмдемелер, жеке тектiк құрам бойынша 3 қор — «Климошенко Иван Сергеевич — Қаз КСР халық ағарту iсiнiң озаты, еңбек ардагерi» №1651 қ;

-«Көшкенұлы Сайлау — ҚР мәдениет қайраткерi, ҚР журналистер одағының мүшесi, ақпарат үздiгi, еңбек ардагерi» №1652 қ.;

- «Сабатаев Рақымбек Мәлiкұлы — бiрiншi қазақ инженер-энергетигi, КСРО энергетика және электрификация үздiгi» №1655 қ. әзiрленiп, бекiтiлдi.

2011-2013 жылдар үшiн мекемелер мен ұйымдардың ведомстволық архивтерiнiң паспортизациясы қорытындысы бойынша «Үздiк ведомстволық архив» iс-шарасы өткiзiлдi.

Ақмола облысы мәдениет басқармасы жанында «Халық шығармашылығы мен мәдени сауығу Ақмола облыстық орталығы» МКҚК мәдениет басқармасы және аудандық мәдениет үйлерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң кадрлар қызметiнiң жұмысшыларына «Ұйымның номенклатуралық iстерiн құрастыру, iстердi жүргiзудiң тәртiбi» тақырыбында 18 семинар-отырысы өткiзiлдi (30 адам қатысты).

2017 жылдың бiрiншi тоқсаны iшiнде 34 ұйымдар мен мекемелердiң iсжүргiзу қызметкерлерiне кеңестер берiлдi.

3.Құжаттарды пайдалану мен тапсыру бөлiмi.

Есептiк мерзiм iшiнде құжаттарды пайдалану мен тапсыру бөлiмiнiң жұмысы жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын уақытында және сапалы орындауына бағытталды, «Архивтiк анықтамаларды беру» Мемлекеттiк қызмет стандартымен реттелетiн сұрауларға ерекше көңiл берiлдi.

21.06.2017 жылы жеке және заңды тұлғалардан әлеуметтiк-құқықтық, тақырыптық және генеалогиялық сипаттағы 853 сұраулар орындалған. Олардың iшiнде: әлеуемттiк-құқықтық — 730, сонымен бiрге ХҚК арқылы — 196, ҚЭҚ арқылы — 292, тақырыптық сұраулар — 86, генеалогиялық — 37.

Сонымен қатар, орталық мемлекеттiк органдарының, шетелдiк мекемелерiнiң, жергiлiктi атқарушы органдарының 548 сұраулары орындалды.

Әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы: оң нәтижелi — 250, терiс нәтижелi — 116

профильдiк емес — 364.

Тақырыптық сипаттағы: оң нәтижелi — 57, терiс нәтижелi — 15

профильдiк емес — 14.

Генеалогиялық сипаттағы: оң нәтижелi — 20, терiс нәтижелi — 11; профильдiк емес — 6.

Орталық мемлекеттiк органдарының, шетелдiк мекемелерiнiң, жергiлiктi атқарушы органдарының сұраулары оң нәтижелi — 41, терiс нәтижелi — 65, профильдiк емес — 442.

Оқу залында 46 зерттеушiлер жұмыс жасады,71 келу тiркелдi, 431 сақтау бiрлiгi берiлiп, 25 көшiрме жасалды.Зерттеу тақырыптары: «Ақмола облысының экологиялық-географиялық жағдайына ретроспективалық талдау», «Рим-католик шiркеуiнiң тарихы», «Солтүстiк Қазақстан көпұлтты тұрғындарының қалыптасуы», «Атбасар уездi архивтiк құжаттарда», генеалогиялық және т.б. зерттеулер.

Бөлiм қызметкерлерi «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiнiң сапасын арттыру мәселелерiне көп көңiл бөледi.

23.02. 2017 жылы мемлекеттiк архивте мемлекеттiк қызмет сапасы бойынша қоғамдық мониторингтi талқылау бойынша және тұрғындарды қызметтермен қанағаттандыру шараларын құрастыру бойынша отырыс өттi (1).

06.03.2017 жылы Көкшетау қаласының «Әлеуметтiк төлемдердiң ведомствоаралық есептеу орталығы» операциялық бөлiмiнде «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету мәселелерi бойынша семинар өткiзiлдi (2). 23.05. 2017 жылы Көкшетау қаласының №1 халыққа қызмет көрсету бөлiмiнде «Облыстық архив ХҚКО-да» атты акция өттi. Iс-шара барысында облыстық архив мамандары ретроспективалық ақпаратқа қызығушылық танытқан тұрғындарға кеңестер берiп, орталық жұмысшыларының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша сұрақтарға жауап бердi (3). 07.06. 2017 жылы «Архив кеңес бередi» акциясы облыстың барлық архивтерiмен адамдардың көп жиналған ортасында бiрмезгiлде өткiзiлдi. Iс-шара мақсаты «Архивтiк анықтамаларды беру» архивтердiң маңызы мен рөлiн насихаттау, мемлекеттiк қызмет сұрақтары бойынша тұрғындарды ақпараттандыру. Облыстық мемлекеттiк архивтiң мамандары аталмыш уақыт iшiнде Көкшетау қаласы №2 ХҚКО келушiлерi мен қызметкерлерiне кеңестер берiп, қатысушыларға жарнамалық материал бердi (4). 03.06. 2017 жылы «Акмолинская правда» газетiнiң №62 санында «Благодаря архивам узнал настоящее имя» мақаласы жарыққа шықты (автор О. Полеткина). Бұл мақалада облыстық мемлекеттiк архивтiң «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiнiң аясында берiлетiн азаматтардың сұрауларымен жұмысы жайлы айтылды (5). «Акмолинская правда»газетiне (18.03.2017. №31) Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының 100-жылдығына арналған «Акмолинская область между двух революций» атты мақала әзiрленiп, шығарылды. Көрмелердi, құжаттардың жинағын даярлау жұмыстары кезiнде жиналған бөлiмнiң ағымдағы архивi өңделiп, сипатталып, 7 фотоқұжаттар сақтауға берiлдi, құжаттардан 7 iс бойынша «Ақмола облысы тарихы бойынша құжаттар коллекциясы» атты №12 тiзiмдеме құрылды.

Партияның Целиноград облыстық комитетi номенклатуралық жұмысшыларының атаулық каталогын құру бойынша жұмыс жүргiзiлдi, 600 карточка толтырылды.

4.Ақпараттық технологиялар бөлiмi.

2017 ж. 1 жартыжылдығында ақпараттық технологиялар бөлiмiмен келесi жұмыс жүргiзiлдi: Құжаттарды сканерлеу 628 сақтау бiрлiгiн, 52193 парақты құрады; Сандық деректердi өңдеу  — 52193 суреттер; Бағдарламалық қамтамасыз етудiң өзектi жаңаруларын орнату — 42;Iстердi тiгу — 628 сақтау бiрлiгi, 52193 парақ; Қызметкерлер мен келушiлердiң тапсырысы бойынша сканерлеу мен өңдеу — 1362 парақ; «Еңбек ардагерi» ДБ толтыру — 580 тек; «Тұлғалар тарих толқынында» архивтiк құжаттар жинағы үшiн құжаттарды зерттеу;

Компьютерлердi жөндеу — 11; Грамоталардың дизайны және баспаға шығару, құттықтаулар — 16; Қызметкерлерге электронды кiлттердi орнату мен оларды ауыстыру — 6; Ақпаратты сайтқа тарату — 60.

5.Ақпараттық-ұйымдастыру бөлiмi

2017 жылдың қаңтар айында Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң құрылымында өзгерiстер орын алды. Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнде сақтаулы Ұлттық архивтiк қор құжаттарын пайдалануын қамтамасыз ететiн жұмыстар мен iс-шаралар кешенiнiң қажеттiлiгiмен және ғылыми-зерттеу жұмыстарының одан әрi дамуына байланысты мемлекеттiк архвите ақпараттық-ұйымдастыру бөлiмi құрылды.

Ақпараттық-ұйымдастыру бөлiмiнiң келесi құжаттары құрастырылып, бекiтiлдi: бөлiм туралы жалпы ереже, 2017 жылға жылдық жұмыс жоспары, 2017 жылға тоқсан сайынғы жұмыс жоспары, бөлiм басшысының, археографтың, архивистiң лауазымдық нұсқаулары, бөлiм iстерiнiң номенклатурасы жүргiзiлдi.

2017 жылдың I тоқсанына келесi жұмыс түрлерi орындалды: Ақмола облыстық психиатриялық емхана МКҚК бас дәрiгерi Раскулов Камиль Султанұлына (Ақмола облысы,Зерендi ауданы, Алексеевка с.) Ақмола облыстық психиатриялық емхана ашулуының 85 жылдығына орай «Ақмола облыстық психиатриялық емханасының тарихы» 1 ақпараттық хат әзiрлендi.

Ерекше мәндi және мерекелiк күндерге арнайы 7 iс-шара әзiрленiп өткiзiлдi. 16 ақпанда Ақмола облысы ардагерлер Кеңесiнiң 30 жылдығына арналған «Ветераны — наша гордость» («Ардагерлер — бiздiң мақтанышымыз») iс-шарасы өткiзiлдi. Iс-шараға ардагерлердiң облыстық Кеңесi төрағасының орынбасары Д.А. Ахметжанов, Көкшетау қалалық ардагерлер Кеңесiнiң төрағасы Ш.Ш. Алиев, қалалық ардагерлер Кеңесiнiң мүшесi К.Х. Газизов, Красный Яр селосы ардагерлер Кеңесiнiң төрағасы Б.Г. Мукашев, Красный Яр селосы ардагерлер Кеңесi төрағасының орынбасары К.З. Кокушев, Көкшетау қ. Құрметтi азаматы, еңбек ардагерi С.А. Аппасова және Ақмола облысы мемлекеттiк мұрағатының ұжымы, аймақтық және қалалық БАҚ өкiлдерi қатысты.

1 наурызда Алғыс күнiне арналған «Бiр халық — бiр ел — бiр тағдыр» мерекелiк iс-шарасы өткiзiлдi. Iс-шараға «Той-дастархан» ЖШС директоры, Ақмола облыстық маслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаты, «Достық» этносаралық келiсiмiнiң депутаттық тобының төрағасы — Мащинская Елена Ивановна, «Бари» армян мәдени орталығы» қоғамдық бiрлестiгi төрағасының орынбасары, «Шаңырақ» мектебiнiң армян тiлi оқытушысы — Дегоян Рузанна Вазгеновна, және Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң ұжымы, аймақтық және қалалық БАҚ өкiлдерi қатысты.

2017 жылдың 17 наурызында «Ақмола облысында архивтiк мекемелердiң рөлi» атты аймақтық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы өттi. Конференцияға Солтүстiк Қазақстан аймағының тарихы, мұрағаттануы және археографиясымен айналысып жүрген тарихшы-ғалымдар, зерттеушiлер, өлкентанушылар қатысты. Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнде алғаш рет ғылыми-әдiснамалық кеңес құрылды. Архив қызметкерлерi тарихшы-ғалымдармен бiрге ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, конференция материалдары бойынша жинақ басылымын жоспарлады.

2017 жылдың 18 наурызында Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Наурыз — Ұлыстың ұлы күнi» мерекелiк iс-шарасы өткiзiлдi. Iс-шараға мұсылман әйелдер Лигасы өкiлдерi, Ақмола облыстық филармониясының әншiсi және өзге де қонақтар шақырылды. Iс-шара қазақ ұлттық мәдениетiн сақтау мен кеңiнен таратуға, қызметкерлердiң ұттық мәдениет бастауларына қызығушылық қалыптастыруға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталды. Мерекелiк iс-шара барысында «Наурыз — көктемнiң келу мерекесi» дәрiсi әзiрленiп, жүргiзiлдi (құрастырушысы Уалиев Т.А.).

17 сәуiрде «Алаш» саяси партиясы құрылуының 100 жылдығына арналған «Алаш және рухани жаңғыру» дөңгелек үстел — iс-шарасы өттi. Дөңгелек үстел жұмысына Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледж оқытушылары мен студенттерi және Ақмола облысы мемлекеттiк архивi қызметкерлерi қатысты.

28 сәуiрде Қазақстан халқы Бiрлiгi күнiне арналған «Бiр шаңырақ астында» («Под единым шаныраком») дөңгелек үстел — iс-шарасы өттi. Дөңгелек үстел жұмысына Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң оқытушылары мен студенттерi, «Ауыл» ХДСП Ақмола облыстық филиалының координаторы, жене Ақмола облысы мемлекттiк архивi қызметкерлерi қатысты.

19 мамырда саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу Күнiне орай «Арқа ажары» саяси-қоғамдық газетiмен бiрлесе «Ұлы нәубет зобалаңы: қасыретi мен тағылымы». Бұл iс-шараға ғалымдар, Көкшетау қаласының қоғам қайраткерлерi қатысты. Дөңгелек үстел барысында XX ғасырдың 1920-1950 жж. саяси қуғын-сүргiннiң себептерi мен салдары талқыланды. Архивист Уалиев Т.А. «Ұжымдастыру және ашаршылық» тақырыбында баяндамасымен сөз сөйледi.

26 маусымда Ақмола облысында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мен ақпараттық тарату аясында «Туған жер» бағдарламасы — жалпыұлттық патриотизмнiң негiзi» атты дөңгелек үстел өткiзiлдi. Iс-шараға «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкiмдiгi жанындағы сараптау комиссиясының мүшесi және Көкшетау қаласының ғалымдары мен қоғам қайраткерлерi шақырылды.

03 сәуiрде комсомол, партия қызметкерi, Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының бұрынғы басшысы Матросов Г.Н. жеке тектiк қорының тақырыптық көрме-презентациясы даярланды.

05 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 72 жылдығын тойлауға арналған «Ақмола дивизиялары Ұлы Отан соғысы майдандарында» атты фотоқұжаттық көрме әзiрлендi. Көрмеде келесi қорлар пайдаланылды: «Қазақстан КП Целиноград обкомы» П-1 қ., «Целиноград облысы тарихы бойынша құжаттар коллекциясы» 1115 қ., «Целиноград партиялық ұйымы тарихы бойынша фотоқұжаттары» 3235 қ., «Қазақстан Коммунистiк партиясының Целиноград облыстық комитетiнiң партиялық архивi» П-51 қ. Көрменiң экспозициялық жоспарына 27 экспонат кiрдi.

06 маусымда Халықаралық архивтер Күнiн тойлауға арналған «Хранители памяти» фотоқұжаттық көрме әзiрлендi. Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң қорлары пайдаланылды: «Ақмола губерндiк архивтiк бюросы» 258 қ., «Тың өлкесiнiң Атқару комитетiнiң жанындағы архивтiк Басқармасы» 1140 қ., «Байчиков Н.И. — архивтiк қызмет ардагерi» 1535 қ., «Качковский В.И. — архивтiк қызмет ардагерi» 1535 қ. Көрменiң дереккөзi ретiнде АОМА шығарылған «На службе истории» кiтабы, Көкшетау, 2010ж. пайдаланылды. Көрменiң экспозициялық жоспарына 24 экспонат кiрдi.

28 экскурсия, оның iшiнде 16 ақпанда Ақмола облыстық ардагерлер Кеңесiнiң ардагерлерiне және Көкшетау техникалық институтының «Өрт қауiпсiздiгi» мамандығының 2-3 курс студенттерiне архив қоймасы бойынша 2 экскурсия жүргiзiлдi; «Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегi көрме бойынша 3 экскурсия өттi. Аталмыш экскурсиялар 01 наурызда Чуваш этномәдени бiрлестiгi, «Бари» армян этномәдени бiрлестiгiнiң өкiлдерiне; 10 наурызда аудандық мемлекеттiк архивтер директорларына; 17 наурызда «Қазақстан тарихында архивтiк мекемелердiң рөлi» атты ғылыми-тәжiрибелiк конференция қатысушыларына, шақырылған қонақтарға, ғылыми-әдiстемелiк кеңес мүшелерiне жүргiзiлдi.

04 сәуiрде Әскери-техникалық мектеп курсанттары үшiн комсомол, партия қызметкерi, Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының бұрынғы басшысы Матросов Г.Н. жеке тектiк қорының тақырыптық көрме-презентациясы бойынша 1 экскурсия; 17 сәуiрде Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледждiң «Ақпараттық технологиялар» бөлiмi бойынша 2-4 курс студенттерi үшiн 1 экскурсия; 28 сәуiрде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң «Биотехнология», «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенттерi үшiн 1 экскурсия өткiзiлдi.

05 мамырда 3 экскурсия өткiзiлдi: А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi «Тарих» мамандығының 2 курс студенттерi үшiн; Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi жанындағы көпсалалы колледждiң «Заңтану», «Есеп және аудит» мамандығының 1 курс студенттерiне; 15 мамырда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi «Тарих» мамандығының 3 курс студенттерiне; Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжi 1 курс студенттерiне; 18 мамырда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң «Биология» мамандығының 1 курс студенттерiне; 19 мамырда Көкшетау қаласының №12 жалпы бiлiм беру орта мектебiнiң 10 сынып оқушыларына өткiзiлдi.

07 маусымда 2 экскурсия өткiзiлдi: «Хранители памяти» фотоқұжат көрмесi бойынша Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң «Тарих» мамандығының 1 курс студенттерi (12 студент) үшiн; «Ақмола облысы архивтiк құжаттарында» тұрақты әрекеттегi көрме бойынша ақын, Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткерi, «Дәстүр» ұлттық-этнографиялық журналдың бас редакторы Қасымхан Бегманов үшiн (қатысушылардың саны 4); 08 маусымда 2 экскурсия өткiзiлдi: «Хранители памяти» фотоқұжат көрмесi бойынша Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi жанындағы колледждiң «Аударма iсi» мамандығының 2 курс студенттерi үшiн; 09 маусымда 2 экскурсия өткiзiлдi: «Хранители памяти» фотоқұжат көрмесi бойынша ҚР ҚМ ӘТМ ШЖҚ МҚК Шучинск филиалының Көкшетау қаласы «Әскери-техникалық мектебi» тыңдаушылары үшiн (28 студент); «Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегi көрме бойынша ҚР ҚМ ӘТМ ШЖҚ МҚК Шучинск филиалының Көкшетау қаласы «Әскери-техникалық мектебi» тыңдаушылары үшiн (28 студент); 12 маусымда 2 экскурсия өткiзiлдi: Хранители памяти» фотоқұжат көрмесi бойынша Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжiнiң «Музыка», «Ағылшын тiлi» мамандықтарының 1 курс студенттерi (15 студент) үшiн; «Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегi көрмесi бойынша Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжiнiң «Музыка», «Ағылшын тiлi» мамандықтарының 1 курс студенттерi (15 студент) үшiн; 15 маусымда 2 экскурсия жүргiзiлдi: «Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегi көрмесi бойынша Қызылорда қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлiк мектебiнiң 9-10 сынып оқушылары (15 оқушы) үшiн қазақ тiлiнде экскурсия; «Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегi көрмесi бойынша Ақтау қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлiк мектебiнiң 10-11 сынып оқушылары (1ә оқушы) үшiн; 22 маусымда 2 экскурсия өткiзiлдi: «Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегi көрмесi бойынша №8 азаматтық тыңдаушылар бiлiктiлiгiн арттырудың қосымша семинары тыңдаушыларына (28 тыңдаушы); архив қоймасы бойынша №8 азаматтық тыңдаушылар бiлiктiлiгiн арттырудың қосымша семинары тыңдаушыларына (28 тыңдаушы) экскурсия жүргiзiлдi. Тыңдаушылар үшiн экскурсияны архив қоймасының меңгерушiсi Масленникова Е.Ю. жүргiздi. 26 маусымда Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегi көрмесi бойынша б.ғ.д., профессор, РЖА және ҚР АШҒА академигi, қоғамдық кеңес мүшесi, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкiмдiгi жанындағы сараптау комиссиясының мүшесi Хусаинов Ә.Т., Ш. Уәлиханов атындағы КМУ универсиетiнiң «Өсiмдiктану, топырақтану және агрохимия» кафедрасының доцентi Аленов Ж.Н. және т.б. үшiн (қатысушылар саны — 6) 1 экскурсия өткiзiлдi.

4 дәрiс өткiзiлдi. Мерекелiк iс-шара барысында «Наурыз — көктемнiң жаңару мейрамы» атты дәрiсi әзiрленiп жүргiзiлдi (дәрiс құрастырушысы — Уалиев Т.А.).

31 мамырда Ақмола облысы iшкi саясат басқармасымен бiрлесе отыра, «Қоғамдық келiсiм» (Достық үйi) КММ-де XX ғасыр саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алуға арналған салтанатты iс-шараға қатысты. Архивист Уалиев Т.А. «1931-1933 жылдардағы ашаршылық тарихы мен салдары» атты баяндамасымен сөз сөйледi. Аталмыш iс-шараға облыс басшылығы, Көкшетау қаласының құрметтi азаматтары, соғыс және еңбек ардагерлерi, этномәдени бiрлестiктер өкiлдерi, мемлекеттiк қызметшiлер, бұқаралық ақпарат құралдары, саяси қуғын-сүргiн туыстары қатысты.

26 мамырда Уалиев Т.А. «Алаш» партиясы құрылуының 100 жылдығына арналған, Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледж ОПҚ өткiзiлген «Алаш тағылымы және тәуелсiздiк» республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясына қатысты. Кукушева Н.Э. конференцияға қатысу үшiн басылымға «Основы становления казахской символьной элиты конца XIX — начало XXвв» атты мақаласын жiберген болатын.

Архив қызметi бойынша 3 телесюжет әзiрлендi: 14.04. 2017 жылы сағат 13-45-те Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының шығуымен байланысты Ақмола облысы мемлекеттiк архивi атынан архивист Уалиев Т.А. сұқбат бердi; 18.04. 2017 жылы сағат 13-45 және 18-00-де Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнде «Алаш» партиясы құрылуының 100-жылдығына арналған «Алаш және рухани жаңғыру» дөңгелек үстелдiң өткiзiлуi туралы телесюжет көрсетiлдi, сұқбатты архивист Уалиев Т.А. бердi.

09 маусымда сағат 15-00-де бөлiм архивистi Уалиев Т.А. «Киелi Қазақстан — қасиеттi ерлер мекенi» дөңгелек үстелi аясында «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасына сұқбат бердi. Iс-шараның ұйымдастырушылары — Ақмола облысы iшкi саясат басқармасы және Ақмола облысының «Ел бiрлiгi» Қоғамдық бiрлестiгi.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 72 жылдығын тойлауға орай бөлiм қызметкерлерiмен Көкшетау қаласының оқу орындарында 12 сабақ өткiзiлдi. 20 сәуiр күнi Көкшетау қаласының «№1 гимназия-орта мектебi» КММ-де Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 72 жылдығын тойлауға орай 4 сабақ жүргiзiлдi. 04 мамырда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң жанындағы көпсалалы колледждiң К-11, К-12, К-13, ЭР-22 топтарының 1 курс студенттерiне «Ақмола дивизиялары Ұлы Отан соғысы майдандарында» атты тақырыпта 4 сабақ жүргiзiлдi; 16 мамырда Көкшетау қаласы бiлiм беру бөлiмiнiң «№2 Красный Яр орта мектебi» КММ-нiң 9 сынып оқушылары үшiн «Ұлы Отан соғысы (АОМА архивтiк құжаттары негiзiнде)» атты тақырыпта 4 сабақ жүргiзiлдi.

02 маусымда сағат 11-00-де Көкшетау қаласы «Әскери-техникалық мектебi» ҚР ҚМ ӘТМ ШЖҚ МҚК Шучинск филиалында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi Күнiне арналған акция өткiзiлдi. Дәрiсте 28 әскерге шақырылғандар, әскери-техникалық мектептiң сержанттық және офицерлiк құрам болды. Дәрiстi ақпараттық-ұйымдастыру бөлiмiнiң қызметкерлерi Кукушева Н.Э., Уалиев Т.А. жүргiдi.

Архивтiк материалдар бойынша 17 мақала жарияланды: «Эвакуация, депортация и научные открытия» («Акмолинская правда» газетi, 12.01.2017), «Хранители документального наследия» («Акмолинская правда» газетi» 21.02.2017), «Прерванный бег» («Степной маяк» газетi 21.02.2017), Кеңес Одағының Батыры, азамат соғысы жылдарында Атбасар қ. ревком төрағасы Веденеев Н.Д. туғанына 120-жыл толуына арналған «Солдат двух войн…» мақаласы («Акмолинская правда» газетi, жарияланымға 06.03.2017 жылы жiберiлдi, редакциялық коллегияның бекiтiлуiнен өттi) (авторы: Кукушева Н.Э.), Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының 100-жылдығына арналған «Акмолинская область между двумя революциями» мақаласы («Акмолинская правда» газетi, №31, 18.03.2017ж. Полеткина О.Я.); 24.04. 2017 ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 72 жылдығына арналған «Ақмолалықтардың үлесi зор болды» мақаласы «Арқа ажары» газетiнiң редакциясынан өттi (Автор Уалиев Т.А.). «Их родиной стал Казахстан» («Степной маяк» газетi, 30.05. 2017 ж. №42.) авторы Шарипов А.А; «Ұлы нәубет: қасыретi мен тағылымы» (Арқа ажары газетi, 30.05. 2017 ж. авторы Уалиев Т.А.). «Из истории архивной службы» («Кокшетау сегодня» газетi, 08.06. 2017 ж., №21(158)  — авторы Кукушева Н.Э.); «Флаг, герб и гимн — государственные атрибуты суверенного и независимого Казахстана» («Кокшетау сегодня» газетi, 08.06. 2017 ж., №21(158)  — авторы Кукушева Н.Э.); «Архивные свидетельства о спецпереселенцах» («Кокшетау сегодня» газетi, 08.06. 2017 ж., №21(158)  — авторы Шарипов А.А.); «Ұжымдастыру зардабы» («Ұлт порталы» тәуелсiз интернет-басылымы — 1ult.kz@mail.com — электроны ресурсы, 14.06. 2017 ж. авторы — Уалиев Т.А.); «Тәуелсiздiгiмiздiң тұғыры» («Көкшетау» газетi, 15.06. 2017 ж., №46 (14027) — авторы Уалиев Т.А.); «Государственный архив Акмолинской области встречал юных гостей» («Кокшетау сегодня» газетi, 22.06. 2017 ж. №23 (160) авторы — Кукушева Н.Э.); «К 55-летию образования первого высшего учебного заведения нашего региона» («Кокшетау сегодня» газетi, 22.06. 2017 ж. №23 (160) авторы — Кукушева Н.Э.); «Благодаря архивам узнал настоящее имя» («Акмолинская правда» газетi, 03.06. 2017 ж., №62, авторы — Полеткина О.Я.); «О чем заботятся архивариусы» («Акмолинская правда» газетi 13.06. 2017 ж., №66, авторы –Лушина Т.П.) Архив қызметi бойынша 2 мақала: «Ақмола ардагерлер Кеңесiне — 30 жыл» («Арқа ажары» газетi, 23.02. 2017 ж., №22); «Отметили лучших» («Степной Маяк» газетi, 14.03.2017 ж., №20).

Археограф Шарипов А.А. «Ақмола өңiрiнiң алғашқы басшылары» анықтамасын жариялау бойынша түзету мен даярлау жұмыстары жалғастырылды және «Ұйымдар мен мекемелердiң тарихы. III бөлiм» жинағын құрастыру үшiн ақпаратты жинастыру үшiн зерттеу жұмысы жүргiзiлуде.

«Тұлғалар тарих толқынында» архивтiк материалдар жинағы бойынша жұмыс жалғастырылуда, бөлiм қызметкерлерi «Ақмола облысы тың және тыңайған жерлердi игеру жылдарында» тақырыбы бойынша қорларды зерттеуде. «Алғашқы тың игерушiлер туралы естелiктер коллекциясы» (1525 қ.), (1573 қ.), (1574 қ.), «Социалистiк Еңбек Ерi Батырлары коллекциясы» (1190 қ.) және АОМА өзге қорларының архивтiк құжаттары зерттелiндi.

4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Есептiк кезеңде үшiн архив саласындағы алдыңғы қатарлы тәжiрибелер, жұмыстардың жаңа түрлерi мен әдiстерi туралы мемлекеттiк архив қызметкерлерiн уақытында ақпараттандыру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Облыстық архивте iсжүргiзу 2014 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң №144 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттаулар және құжаттамаларды басқарудың Типтiк ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.

2017 жылдың 1-шi жартыжылдығында негiзгi қызмет бойынша 25 түпнұсқалық бұйрық, жеке құрам бойынша — 56, қаржылық-шаруашылық мәселелер бойынша — 8 тәртiптiк жаза әзiрлендi.

Мамандық бойынша еңбек өтiлiн есептеу бойынша комиссияның 5 отырысы өттi, хаттамалар толтырылды.

Айсайын аппараттық оқу өткiзiлдi. Жүргiзiлген жұмыстардың тұрақты есебi толтырылуда. Мемлекеттiк архив жұмысшылары мен архивтiк iс ардагерлерiнiң әлеуметтiк қорғауы мәселелерiне көңiл бөлiнуде.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.07.2017 17:03

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2021 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»