A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ЕСЕП 2017 жылдың 1 тоқсаны үшін Ақмола облысы Мемлекеттік архивінің жұмысы туралы

Кіріспе

«Мемлекеттік архивтік қор және архивтер туралы» ҚР Заңын басшылыққа ала отыра, 2017 жылдың 1 тоқсаны ішінде облыстық мемлекеттік архивтің жұмысын жетілдіруге біршама назар аударылды. 2017 жылдың ақпан айында облыстың мемлекеттік архиві ұжымының отырысында облыстық мемлекеттік архив ұжымының жұмысын одан әрі белсендірілуіне күш-жігер берген Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жолдауының негізгі бағыттарына түсініктеме берілді.

         2017 жылдың 1 тоқсанына құрастырылған жоспар бойынша 3 аппараттық отырыс өткізілді:

-         2016 жылы үшін Ақмола облысы мемлекеттік архиві жұмысының қорытындылары мен алдағы жылдағы міндеттері туралы;

-         «Президенттің Қазақстан халқына жолдауы, негізгі бағыттары»;

-         «2015 жылдың типтік ережелеріне сәйкес істердің номенклатурасын құрастыру». Сараптамалық комиссияның 7 отырысы өткізілді, сонымен қатар,

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» №2340 2007 жылдың 12 қаңтарындағы ҚР Заңының орындалуы аясында жеке және заңды тұлғалардың12 қаңтарындағы ҚР Заңының орындалуы аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс-шаралардың кешені жүргізілуде.

         Қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша жылсайынғы инструктаж жүргізілді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивтік қоры құжаттарының сақтауы мен мемлекеттік есебін қамтамасыз ету

     01.04.2017жылдың жағдайы бойыншаАқмола облысының мемлекеттік архивінде 1389 қор, 442448 сақтау бірлігі, соның ішінде:

- тұрақты сақтаудың басқару құжаттарының 400841 сақтау бірлігі;

- ұзақмерзімді және уақытша сақтаудың 3038 сақтау бірлігі;

- жеке құрам бойынша 26364 сақтау бірлігі;

- жеке тек бойынша 2120 сақтау бірлігі;

- ғылыми-техникалық құжаттаманың 869 сақтау бірлігі;

- фотоқұжаттардың 8529 сақтау бірлігі;

- фоноқұжаттардың 149 сақтау бірлігі;

- киноқұжаттардың 466 сақтау бірлігі;

- бейнеқұжаттардың 72 сақтау бірлігі.

Құжаттардың сақталуы мен мемлекеттік есебін қамтамасыз ету үшін бірінші тоқсанда 120 сақтау бірлігінің, соның ішінде 72 сақтау бірлігі/149 парақ қайта жөнделді, «Халыққа білім берудің Атбасар уездік бөлімі»№33 қор, «Акмола-Авиа» АҚ №1239 қор және т.б. бойынша 3902 парақтары бар 48 сақтау бірлігі тігілді (қосымша №1).

Қатырмаланды – 4010 сақтау бірлігі келесі қорлар бойынша: №25,1480,1486, 1495, 1504, 1512, 1636,1637 және т.б.

 «Арнайы мақсаттағы бөлімдер штабы» №204  қоры бойынша (30 – парақ) түсінен айырылып жатқан мәтін қайта қалпына келтірілді.

«Приреченск болыстық әскери комиссариат» №127, «Ново-Колутоновск болыстық атқару комитеті» №129 қорлары бойынша ерекше құнды істердің 29 сақтау бірлігі анықталды (Қосымша №2).

Қор істерінің саны мен жағдайы тексерісі жүргізілді – 6100 сақтау бірлігі (Қосымша №3).

Мағынасын  ашу бойынша жұмыс жалғасты. Барлығы 6100 – сақтау бірлігінің мағынасы ашылды.

Партиялық есепке алу жиынтықтарының тексерісі жүргізілді – 160 қорлар.

Мемлекеттік сақтауға ұйымның тарауына байланысты қабылданды:

-         «Ақмола облысы көліктік бақылау комитетінің басқармасы» ММ 1636 қоры – 1 сақтау бірлігі, 11 тұрақты сақтау бірлігі;

-         «Жылжымайтын мүлік Орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облыстық филиалы 1640 қоры, 92 сақтау бірлігі, 558 тұрақты сақтау бірлігі;

-         «Акмолагипрозем» мемлекеттік жобалық институт 1641 қоры – 308 сақтау қоры.

-         қысқартумен байланысты:

-         Целиноград облыстық ерікті денешынықтыру-спорттық қоғамның (ЕДСҚ) Кеңесі 1638 қоры – 19 сақтау бірлігі;

-         «Құрылыс және өндірістік құрылыс материалдары жұмысшылар кәсіподағының Целинорград облыстық комитеті» 948 қоры – 8 сақтау бірлігі.

таратумен байланысты:

-         «Ақмола облысы бойынша ҚР Аймақтық даму министрлігінің жер ресурстарын басқару бойынша Комитетінің территориалдық жер инспекциясы» ММ 1531 қоры  -13 сақтау бірлігі, 8 тұрақты сақтау бірлігі;

-         Ведомстволық сақтау мерзімінің аяқталуымен байланысты:

-         «Ақмола облысы еңбекпен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіруді басқару» ММ 921 қоры  - 223 тұрақты сақтау бірлігі;

-         «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхана» ММ 1639 қоры  - 178 тұрақты сақтау бірлігі.

Барлығы 1419 сақтау бірлігі қабылданды, соның ішінде 507 тұрақты сақтау бірлігі, 912 жеке құрам сақтау бірлігі бойынша.

№1638-ден бастап, №1641 аралығында жаңадан төрт қор құрылды:

-         Целиноград облыстық ерікті денешынықтыру-спорттық қоғамның (ЕДСҚ) Кеңесі 1638 қоры;

-         Целиноград облыстық ерікті денешынықтыру-спорттық қоғамның (ЕДСҚ) Кеңесі 1638 қоры;

-         «Жылжымайтын мүлік Орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облыстық филиалы 1640 қоры

-         «Акмолагипрозем» мемлекеттік жобалық институт 1641 қоры.

Тоқсан ішінде қор тізімдемелерін қайта өңдеу бойынша жұмыстар жалғастырылды:

-         «Қазақстан Компартиясының Целиноград аудандық комитеті» П-25, «Партияның Целиноградтық аудандық комитеті БПҰ» №П-467 өңдеуге 191 сақтау бірлігі алынды, қайта өңдеу нәтижесінде 187 сақтау бірлігіне тізімдемелер қайта құрастырылды, қалдығы -1 қор және 4 сақтау бірлігіне кеміді;

-         «Қазақстан Компартиясының Атбасар аудандық комитеті» 60 қор, «Партияның Атбасар аудандық комитетінің БПҰ» 88 қор  өңдеуге 187 сақтау бірлігі алынды, қайта өңдеу нәтижесінде 178 сақтау бірлігіне тізімдемелер қайта құрастырылды, қалдығы – 9 сақтау бірлігіне кеміді;

Барлығы қор бойынша 365 сақтау бірлігі, қорлардың саны 1 қорға және қалдығы 13 сақтау бірлігіне кеміді.

         Мемлекеттік сақтауда жатқан 7 қордың уақытша сақтау мерзімі құжаттарының бағалығы сараптамасы жүргізілді – 480 сақтау бірлігі;

-         «Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу бойынша ҚР Агенттігінің Департаменті» ММ 1544 қоры – 164 сақтау бірлігі;

-         «Уранликвидрудник» РМК 1571 қоры – 12 сақтау бірлігі;

-         «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ тарату комиссиясының Ақмола бөлімі 1537 қоры – 25 сақтау бірлігі;

-         «Эко Полис» Сақтандыру компаниясы» АҚ Ақмола филиалы 1587 қоры – 101 сақтау бірлігі;

-         «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы» ММ 1588 қоры – 49 сақтау бірлігі;

-         «Балалардың құқығын қорғау департаменті» ММ 1597 қоры – 26 сақтау бірлігі;

-         «Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет бойынша ҚР Агенттігінің Департаменті» ММ 1599 қоры – 103 сақтау бірлігі.

«Архивтік қор» - бағдарламалық кешеніне қорларды енгізу жұмыстары жалғастырылуда – 51 қор.

Есептік кезең ішінде  архив және архивтік қоймалар жұмысшыларымен - 2712 сақтау бірлігі берілді.

         Аптасына екі мәрте бақылау-өлшеу құрылғыларымен температуралық-ылғалдық режимге бақылау жүргізіледі, көрсеткіштер температуралық-ылғалдық режим журналында тіркеледі.

         Айсайын архив қоймаларының дезинфикциялық және дезинсекциялық өңдеулері жүргізіледі.

 

  1.  Қазақстан Республикасы Ұлттық архивтік қорын құру, мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың ісжүргізуінде ведомстволық архивтер мен құжаттардың ұйымдастырылуын әдістемелік-ұйымдастырушылық басқару

2017 жылдың бірінші тоқсаны ішінде ведомстволықархивтерді бақылау бөлімінің жұмысы облыстық құрылымдарда құжаттау мен құжаттамаларды басқару үдерістерінің жағдайын жетілдіруге жұмсалды.

         Істердің номенклатурасын басқарудың СТӘК жетілдіріліп, келісілді (6)

  1. Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ақмола облысы Мемлекеттік архиві» КММ;
  2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі»РММ Ақмола филиалы;
  3. «Ақмола облысы экономика мен бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ;
  4. «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» департаменті – «Ақмола облысы бойынша  азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның филиалы;
  5. Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің көліктік жолдар Комитетінің «Ақмолажоллаборатория» РММ;
  6. «Республикалық ветеринарлық зертханасы» ШЖҚ РМК.

         Бөліммен 6 номенклатуралық іс әзірленіп, келісілді.

Ведомстволық архив туралы ережелер және сараптамалық комиссия жөнінде мемлекеттік және орыс тілдерінегі ережелер СТӘК әзірленіп, келісілді (5):

  1. Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің көліктік жолдар Комитетінің «Ақмолажоллаборатория» РММ;
  2. Ақмола облысы қылмыстық істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың канцеляриясы;
  3. Ақмола облысы кәмелетке жас толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сот;
  4. «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» департаменті – «Ақмола облысы бойынша  азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның филиалы;
  5. «Ақмола облысы статистика департаменті» ММ.

Бөліммен мекемелер мен ұйымдар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу ережелері әзірленіп, бекітілді.

СТӘК тұрақты сақтаудың тізімдемелері (3) әзірленіп, бекітілді:

-         «ҚР Халық жинақтаушы банкі» АҚ Ақмола облыстық филиалы;

-         Ақмола облысының мамандандырылған аудан аралық экономикалық соты;

-          Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сот.

Бөліммен  қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соттың уақытша сақтау (10 жылдан астам) істерінің тізімдемелері әзірленіп, келісілді.

2011-2013 жылдар үшін мекемелер мен ұйымдардың ведомстволық архивтерінің паспортизациясы қорытындысы бойынша «Үздік ведомстволық архив» іс-шарасы өткізілді.

Ақмола облысы мәдениет басқармасы жанында «Халық шығармашылығы мен мәдени сауығу Ақмола облыстық орталығы» МКҚК мәдениет басқармасы және аудандық мәдениет үйлерінің құрылымдық бөлімшелерінің кадрлар қызметінің жұмысшыларына  «Ұйымның номенклатуралық істерін құрастыру, істерді жүргізудің тәртібі» тақырыбында 1 семинар-отырысы өткізілді (30 адам қатысты).

2017 жылдың бірінші тоқсаны ішінде 34 ұйымдар мен мекемелердің ісжүргізу қызметкерлеріне кеңестер берілді.

  1. Құжаттарды пайдалану мен тапсыру бөлімі.

17.03.2017 жылы жеке және заңды тұлғалардан әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық және генеалогиялық сипаттағы 350 сұраулар орындалған. Олардың ішінде: әлеуемттік-құқықтық – 318, сонымен бірге ХҚК арқылы – 87 (24,8%),  тақырыптық сұраулар – 25, генеалогиялық – 7.

Сонымен қатар, орталық мемлекеттік органдарының, шетелдік мекемелерінің, жергілікті атқарушы органдарының 201 сұраулар орындалды.

Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы: оң нәтижелі – 87, теріс нәтижелі – 53,

профильдік емес – 178

Тақырыптық сипаттағы: оң нәтижелі – 18,  теріс нәтижелі – 3,

профильдік емес – 4

Генеалогиялық сипаттағы: оң нәтижелі – 6, профильдік емес – 1

Орталық мемлекеттік органдарының, шетелдік мекемелерінің, жергілікті атқарушы органдарының сұраулары

оң нәтижелі – 15, теріс нәтижелі – 30, профильдік емес – 156

«Акмолинская правда»газетіне (18.03.2017. №31) Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының 100-жылдығына арналған «Акмолинская область между двух революций» атты мақала әзірленіп, шығарылды.

06.03.2017 ж. Көкшетау қ. «Әлеуметтік төлемдер орталығының ведомствоаралық есептік орталығы» операциялық бөлімінде «Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері бойынша семинар өткізілді.

10.03.2017 ж. облыстың архивтік қызметі басшылары үшін «Ақмола облысы архивтік құжаттарында» тұрақты әрекеттегі көрме бойынша экскурсия жүргізілді.

Партияның Целиноград облыстық комитеті номенклатуралық жұмысшыларының атаулық каталогын құру бойынша жұмыс жүргізілді, 300 карточка толтырылды.

  1. Ақпараттық технологиялар бөлімі.

2017 ж. 1 тоқсанында ақпараттық технологиялар бөлімімен келесі жұмыс жүргізілді:

Құжаттарды сканерлеу 191 сақтау бірлігін, 22970 парақты құрады;

Істерді тігу – 191 сақтау бірлігі, 22970;

Сандық деректерді өңдеу  - 22970;

Бағдарламалық қамтамасыз етудің  өзекті жаңаруларын орнату – 23

«Еңбек ардагері» ДБ толтыру – 280тек;

«Ақмола облысы аймағының бірінші басшылары» жинағы үшін құжаттарды іздестіру;

Қызметкерлерді MS Excel бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге кеңестер;

Ақмола облысы мемлекеттік архивінде «Құрылым»  бөлімін редакциялау, ақпаратты сайтқа орналастыру;

Компьютерлерді жөндеу – 8;

Грамоталардың дизайны және баспаға шығару, құттықтаулар – 9.

  1. Ақпараттық-ұйымдастыру бөлімі

2017 жылдың қаңтар айында Ақмола облысы мемлекеттік архивінің құрылымында өзгерістер орын алды. Ақмола облысы мемлекеттік архивінде сақтаулы Ұлттық архивтік қор құжаттарын пайдалануын қамтамасыз ететін жұмыстар мен іс-шаралар кешенінің қажеттілігімен және ғылыми-зерттеу жұмыстарының одан әрі дамуына байланысты мемлекеттік архвите ақпараттық-ұйымдастыру бөлімі құрылды.

Ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің келесі құжаттары құрастырылып, бекітілді: бөлім туралы жалпы ереже, 2017 жылға жылдық жұмыс жоспары, 2017 жылға тоқсан сайынғы жұмыс жоспары, бөлім басшысының, археографтың, архивистің лауазымдық нұсқаулары, бөлім істерінің номенклатурасы жүргізілді.

2017 жылдың I тоқсанына келесі жұмыс түрлері орындалды:

Ақмола облыстық психиатриялық емхана МКҚК бас дәрігері Раскулов Камиль Султанұлына (Ақмола облысы,Зеренді ауданы, Алексеевка с.) Ақмола облыстық психиатриялық емхана ашулуының 85 жылдығына орай «Ақмола облыстық психиатриялық емханасының тарихы» 1 ақпараттық хат әзірленді.

Ерекше мәнді және мерекелік күндерге арнайы 3 іс-шара әзірленіп өткізілді. 16 ақпанда Ақмола облысы ардагерлер Кеңесінің 30 жылдығына арналған «Ветераны – наша гордость» («Ардагерлер – біздің мақтанышымыз») іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға ардагерлердің облыстық Кеңесі төрағасының орынбасары Д.А. Ахметжанов, Көкшетау қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ш.Ш. Алиев, қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі К.Х. Газизов, Красный Яр селосы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Б.Г. Мукашев, Красный Яр селосы ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары К.З. Кокушев, Көкшетау қ. Құрметті азаматы, еңбек ардагері С.А. Аппасова және Ақмола облысы мемлекеттік мұрағатының ұжымы, аймақтық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

 

1 наурызда Алғыс күніне арналған «Бір халық – бір ел -  бір тағдыр» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға «Той-дастархан» ЖШС директоры, Ақмола облыстық маслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаты, «Достық» этносаралық келісімінің депутаттық тобының төрағасы – Мащинская Елена Ивановна, «Бари» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, «Шаңырақ» мектебінің армян тілі оқытушысы – Дегоян Рузанна Вазгеновна, және Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ұжымы, аймақтық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

 

2017 жылдың 17 наурызында «Ақмола облысында архивтік мекемелердің рөлі» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға Солтүстік Қазақстан аймағының тарихы, мұрағаттануы және археографиясымен айналысып жүрген тарихшы-ғалымдар, зерттеушілер, өлкентанушылар қатысты. Ақмола облысы мемлекеттік архивінде алғаш рет ғылыми-әдіснамалық кеңес құрылды. Архив қызметкерлері тарихшы-ғалымдармен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, конференция материалдары бойынша жинақ басылымын жоспарлады.

2017 жылдың 18 наурызында Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға мұсылман әйелдер Лигасы өкілдері, Ақмола облыстық филармониясының әншісі және өзге де қонақтар шақырылды. Іс-шара қазақ ұлттық мәдениетін сақтау мен кеңінен таратуға, қызметкерлердің  ұттық мәдениет бастауларына қызығушылық қалыптастыруға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталды. Мерекелік іс-шара барысында «Наурыз – көктемнің келу мерекесі» дәрісі әзірленіп, жүргізілді (құрастырушысы Уалиев Т.А.).

2 көрме әзірленіп, безендірілді: жеке тек қорлары бойынша Ақмола облысы ардагерлер Кеңесінің 30 жылдығына арналған «Ветераны – наша гордость» көрмесі және Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы» тақырыбында экспонаттардың мини-мұражайының тақырыптық көрмесі.

5 экскурсия ұйымдастырылды: олардың ішінде 2 экскурсия архив қоймасы бойынша: 16 ақпанда Ақмола облысы ардагерлер Кеңесінің ардагерлері үшін, және 21 ақпанда Көкшетау техникалық институты «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының 2-3 курс студенттері үшін, «Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегі көрме бойынша 3 экскурсия. 01 наурызда Чуваш этномәдени бірлестігі, «Бари» Армян этномәдени бірлестігі өкілдері үшін экскурсия, 10 наурызда аудандық мемлекеттік архивтер директорлары үшін экскурсия, 17 наурызда «Қазақстан тарихында архивтік мекемелердің рөлі» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушылары, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, шақырылған қонақтар үшін экскурсия.

Архивтік материалдар бойынша 5 мақала жарияланды: «Эвакуация, депортация и научные открытия» («Акмолинская правда» газеті, 12.01.2017), «Хранители документального наследия» («Акмолинская правда» газеті» 21.02.2017), «Прерванный бег» («Степной маяк» газеті 21.02.2017), Кеңес Одағының Батыры, азамат соғысы жылдарында  Атбасар қ. ревком төрағасы Веденеев Н.Д. туғанына 120-жыл толуына арналған «Солдат двух войн...» мақаласы («Акмолинская правда» газеті, жарияланымға 06.03.2017 жылы жіберілді, редакциялық коллегияның бекітілуінен өтті) (авторы: Кукушева Н.Э.)         , Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының 100-жылдығына арналған «Акмолинская область между двумя революциями» мақаласы («Акмолинская правда» газеті, №31, 18.03.2017ж. Полеткина О.Я.), архив қызметі бойынша 1 мақала: «Отметили лучших» («Степной Маяк» газеті, №20, 14.03.2017).

«Тұлғалар тарих толқынында» архивтік материалдар жинағы бойынша жұмыс жалғастырылуда, бөлім қызметкерлері «Ақмола облысы тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында» тақырыбы бойынша қорларды зерттеуде.

Археограф Шарипов А.А. «Ақмола өңірінің алғашқы басшылары» анықтамасын жариялау бойынша түзету мен даярлау жұмыстары жалғастырылды және «Ұйымдар мен мекемелердің тарихы. II бөлім» жинағын құрастыру үшін ақпаратты жинастыру үшін зерттеу жұмысы жүргізілуде.

Оқу залында 16 зерттеуші толтырылып, 53 адамның жұмыс істеуі тіркелді, 226 сақтау бірлігі беріліп, 30 көшірме жасалынды. Зерттеу тақырыптары: «Солтүстік Қазақстанның көпұлтты тұрғындарының қалыптасуы (19 ғасыр аяғы мен 20 ғасыр басы)»; 1916 жылға Ақмола облысындағы көтеріліс», «Көкшетау уездінде Кеңестік биліктің орнауы», 2 генеалогиялық зерттеу жүргізілді.

4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Мамандардың біліктілігін арттыру. Ұжымның әлеуметтік дамуы.

Есептік кезеңде үшін архив саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелер, жұмыстардың жаңа түрлері мен әдістері туралы мемлекеттік архив қызметкерлерін уақытында ақпараттандыру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Облыстық архивте ісжүргізу 2014 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің №144 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаулар және құжаттамаларды басқарудың  Типтік ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

2017 жылдың 1-ші тоқсанында негізгі қызмет бойынша 7 түпнұсқалық бұйрық, жеке құрам бойынша – 22, қаржылық-шаруашылық мәселелер бойынша – 5 тәртіптік жаза әзірленді.

Мамандық бойынша еңбек өтілін есептеу бойынша комиссияның 2 отырысы өтті, хаттамалар толтырылды.

Айсайын аппараттық оқу өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың тұрақты есебі толтырылуда.  Мемлекеттік архив жұмысшылары мен архивтік іс ардагерлерінің әлеуметтік қорғауы мәселелеріне көңіл бөлінуде.

 

 

Архив басшысының м.а.                                     Қ. Ұзақпаева


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.04.2017 17:26

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2021 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»