A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл

Бүгiн атақты қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының дүниеге келген күнi. Ақмола облысының мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай, көптеген iс-шаралар ұйымдастырылып, өткiзiлдi. Ақпан айының 10 жұлдызында «Жас зерттеушi» клубының мүшелерiмен онлайн ZOOM платформасында «Тұңғыш қазақ алыбы» атты тарих сабағы өткiзiлдi. Ақпан айының 14 жұлдызында архив қызметкерлерi Қажымұқан атындағы №3 облыстық олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектебiнiң түлектерiмен дəрiс өткiзiп, «Қажымұқан жəне Қажытай» атты деректi фильм көрсетiлдi. Облыстық «Арқа ажары» газетiне архивист Әсем Әлдибекованың «Қазақ халқының ұлы перзентi» атты мақаласы жарыққа шықты (6 сәуiр 2021 жыл №38).

Бар ғұмырын күрес өнерiне арнап, ұлан-ғайыр жерi мен халқын өзге жұртқа паш еткен, қазақ елiнiң мақтанышы, кəсiпқой палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың тəуелсiз мемлекетiмiздiң тарихы мен спортында алар орны ерекше. Қажымұқандай алып күш иесiнiң ерлiгi ел есiнен ешқашанда ұмыт қалмайтынына сенiм мол.

Мақаланың шыққан күні: 07.04.2021
Қаралым саны: 258

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2021 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»