АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ |
Байчиков Николай Иванович — архивтiк iс ардагерi, Қазақ КСР мәдениетiнiң еңбегi сiңген қызметкерi
Байчиков Николай Иванович 1930 жылы 25 маусымда Рязан облысы Кадомск ауданының Новоселки селосында дүниеге келдi.
1955 жылы Мәскеу тарихи-архивтiк институтты «тарихшы-архивист» бiлiктiлiгiмен тәмәмдап, тағайындау бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы IIМБ архивтiк бөлiмiнiң басшысы ретiнде жұмысқа бағытталды.
1960 жылдың желтоқсан айында Николай Иванович Қазақ КСР Министрлер Кеңесi жанындағы архивтiк басқармаға ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмнiң аға ғылыми қызметкерi лауазымына тағайындалады.
1961 жылдың сәуiр айында Тың өлкелi атқару комитетi (1962 жылдан бастап — архивтiк басқарма) аға ғылыми қызметкерi ретiнде жұмыс iстедi.
1965 жылдың қазан айынан бастап — Целиноград облысы мемлекеттiк архивiнiң аға ғылыми қызметкерi.
1974 жылдың қараша айында Целиноград облысы мемлекеттiк архивiнiң директоры қызметiне тағайындалады. Осы лауазымда ол 1990 жылдың 10 тамызына дейiн жұмыс iстедi, кейiн мемлекеттiк архивтiң қорлардың бас сақтаушысы лауазымына ауыстырылды. Николай Иванович облыстық архивте жоғары санатты архивист ретiнде 2004 жылдың 25 маусымына дейiн қызмет атқарды.
Архивтiк iстiң дамуына қосқан үлесi үшiн Николай Иванович «Ерен еңбегi үшiн», «За освоение целинных земель», «За доблестный труд в ознаменование 100-летия со Дня рождения В.И. Ленина», «Еңбек ардагерi», медальдарымен, «Архивтiк iстiң озаты» төс белгiсiмен, құрмет грамоталарымен марапатталды.
АОМА. 1534 қ. 1 тiз.
Качковский Владимир Иванович –архивтiк қызмет ардагерi
Качковский Владимир Иванович 1935 жылы 08 сәуiрде Ақмола қаласында дүниеге келдi.
1954 — 1957 жылдары Кеңес Әскерi қатарында борышын өтедi.
1957 — 1960 жылдары Петуховск ауылшаруашылық механизациясы және электрификациясы техникумында оқыды.
Еңбек жолын 1960 жылы Сталин-Магнитогор магистралiнiң құрылыс басқармасының №1 кеңшары автопаркiнiң меңгерушiсi қызметiн атқарды.
1967 жылы Свердловск заң инстититутын тәмәмдады.
1968 жылы Қазақстан Компартиясы Целиноград аудандық комитетiне, 1972 жылы шiлде айында Целиноград облыстық атқару комитетiне жұмысқа ауыстырылады.
1978 жылы қазан айында В.И. Качковский Целиноград облыстық атқару комитетiнiң хатшысы ретiнде тағайындалады. Осы лауазымда ол 1989 жылдың тамызына дейiн жұмыс iстеп, кейiн Целиноград облыстық атқару комитетiнiң архивтiк iсiнiң меңгерушiсi қызметiне ауыстырылды.
1997 жылдың қаңтар айында В.И. Качковский Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң директоры қызметiне тағайындалды, ол осы лауазымда 2006 жылдың 17 сәуiрiне дейiн қызмет атқарды.
Владимир Иванович «Құрмет белгiсi», «Халықтар достығы» ордендерiмен, КСРО-ның 4медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Құрмет Грамотасымен марапатталды.
АОМА. 1535 қ. 1 тiз.
Положенцев Александр Николаевич –архивтiк қызмет ардагерi
Положенцев Александр Николаевич 1947 жылдың 25 қаңтарында Орынбор облысы Кварческ ауданының Ново-Курск селосында дүниеге келдi.
Еңбек жолын 1965 жылы Челябинск облысы Карталы бекетiнде энергия тасымалдау учаскесiнiң электромонтерi ретiнде бастады.
1972 жылы тасымалдау жолдарының инженерi мамандығы бойынша темiржол көлiгi инженерлерiнiң Уральск электромеханикалық институтын тәмәмдады.
ЖОО аяқтаған соң Көкшетау бекетiнде энергия учаскесiнiң аға шеберi ретiнде жұмыс iстедi. 18 жылдан астам комсомол, кеңестiк партиялық жұмыста, мемлекеттiк мекемелерде және 11 жылдай жеке сектор салаларында қызмет атқарды.
2005 жылдың қыркүйек — желтоқсан айлары арасында сайлау кампаниясына белсендi араласып, облыстық штаб мүшесi және Н.Ә. Назарбаевтың сенiмдi тұлғасы болды, сол үшiн ол Н.Ә. Назарбаевтан алғыс хат алды.
2006 жылдың 10 ақпанында Ақмола облысы мемлекеттiк архивi директорының бiрiншi орынбасары, 2006 жылдың 25 сәуiрiнде директор ретiнде тағайындалды.
Александр Николаевич Астана қаласынан архивтiк құжаттардың Көкшетау қаласына көшiру бойынша барлық кешендi жұмыстарды қамтамасыз еттi. Оның басшылығымен жаңа ғимаратты жабдықтау бойынша көлемдi жұмыс жүргiзiлдi.
2010 жылы зейнетке шыққаннан кейiн Александр Николаевич Положенцев 2012 жылға дейiн Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң директоры ретiнде қызметiн жалғастыра бердi.
АОМА 258 қ. 1 тiз. 221 iс.
Казанцева Нина Ивановна — архивтiк қызмет ардагерi
Казанцева Нина Ивановна 1949 жылдың 20 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Күршiм ауданының Шердiояқ ауылында дүниеге келдi.
1967 жылы орта мектептi аяқтады. 1967 жылдың жазғы маусымында Шығыс Қазақстан облысы балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында лаборант ретiнде қызмет атқарады.
1968 жылдың ақпан айынан бастап 1969 наурыз бойынша Шығыс Қазақстан облысы Күршiм ауылының №213 ДУ II қатарлы жұмысшысы ретiнде жұмыс iстедi.
1969 наурыз айынан 1969 тамыз айы аралығында Өскемен қаласының ШҚ облыстық сүт комбинатының ПТО СМУ инженерi ретiнде қызмет атқарады.
1969 тамыз айынан 1974 жылдың шiлде айы аралығында Өскемен педагогикалық институтында оқыды. ЖОО тәмәмдаған соң, Көкшетау облысы Чистополье ауданының Жаркөл орта мектебiнде биология және география мұғалiмi, тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары қызметiн атқарды.
Нина Ивановна 25 жыл бойына бiлiм беру жүйесiнде, партиялық және қоғамдық ұйымдарда қызмет атқарды.
1999 жылдың маусым айынан бастап — бiрiншi санаттағы архивист, 2002 жылдан бастап Көкшетау қаласы мемлекеттiк архивiнiң архив қоймасының меңгерушiсi, 2006 жылдың сәуiр айынан бастап қорлардың бас сақтаушысы қызметiн атқарады.
2007 жылдың маусым айында Нина Ивановна еңбегi сiңген зейнетке шықты. Алайда ол облыстық архивте 2012 жылдың мамыр айына дейiн еңбегiн жалғастырды.
Оның еңбек қызметi басшылықтың алғыс хатымен және құрмет грамотасымен еленiп, белгiлендi.
АОМА. 258 қ. 1 тiз. 217 iс.
Сағитова Раиса Құдайбергенқызы — архив қызметiнiң ардагерi
Сағитова Раиса Құдайбергенқызы 1950 жылдың 17 қазанында Омбы облысы Шербаккуль ауданы Большой Искак ауылында дүниеге келдi.
1972 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын тәмәмдап, орыс тiлi мен әдебиетi мұғалiмi мамандығын иеленедi.
Раиса Құдайбергенқызы жиырма жылдан астам халыққа бiлiм беру жүйесiнде қызмет атқарды.
1997 жылы Уәлиханов аудандық архивiнiң директоры ретiнде қабылданып, 2002 жылы Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданы архивiнiң Новоишим филиалының директоры лауазымына ауыстырылды.
2004 жылдың наурыз айынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы орталықтандырылған аудандық кiтапхана жүйесiнiң директоры ретiнде қызмет атқарды.
2005 жылдың сәуiр айынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы мемлекеттiк архивiнiң жоғары санатты архивистi ретiнде жұмыс iстедi.
2005 жылдың желтоқсан айынан бастап 2006 жылдың 16 қаңтар айына дейiн Ақмола облысы мұғалiмдерi жетiлдiру институтының мониторинг бөлiмiнде жұмыс iстедi.
Ақмола облысы мемлекеттiк архивiне 2006 жылдың 06 қаңтарында құжаттарды есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету бөлiмiнiң басшысы ретiнде қабылданды, 2005 жылдың 25 сәуiрiнде Ақмола облысы мемлекеттiк архивi директорының негiзгi қызмет бойынша орынбасары қызметiне ауыстырылады.
Раиса Құдайбергенқызы жауапты жұмыс көлемiн өз жауапкершiлiгiне ала отыра, ұйымдастырушылық қабылеттерi мен тәжiрибелiк дағдыларын таныта алды.
2008 жылы зейнетке шыққаннан кейiн де, ол облыстық архивте архивист, әдiскер ретiнде жұмысын жалғастыра бердi. 2013 жылы Раиса Құдайбергенқызы Құрмет грамотасымен марапатталды.
2014 жылы Раиса Құдайбергенқызы жұмыспен бiржолата қош айтысты.
АОМО 258 қ. 1 тiз. 245 iс.