АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Туған өлке - тұнған тарих

Елiмiз үшiншi мыңжылдыққа нық сенiммен аяқ басты, десекте Қазақстан ұлттық және мемлекеттiк дамудың жаңа үрдiстерiмен бiрге жас мемлекет ретiнде танылуда.Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi қысқа мерзiмде елiмiздiң тарихындағы жаңаша ұдайы өзгерiстерге қарап, тарихы терең, даму жолы заманауиға сай жас мемлекеттiң куәсi екендiгiмiз даусыз.Елiмiз әлемдегi елдердiң iшiнде еңсесi биiк, беделi жоғары, алпауыт елдермен терезесi тең мемлекет екендiгiн дәлелдедi.Елдiң ел болуы үшiн оның рухани дiңгегiнiң мықты, ата-бабадан қалған мұраның тек аманат қана емес, келер ұрпаққа салынған сара жол екенi мойындауымыз қажет.. Мақсат бiреу, елдiң келешегi мен ұрпақ болашағын ойласақ рухани құндылықты сақтай отырып, өскелең ұрпаққа насихаттау.

Осыған орай бүгiнгi таңда Қазақстанда рухани дамуды одан әрi жетiлдiру, жаңарту мәселесiне басты көңiл аударылуда.Қазақстанның шығармашылық және ғылыми интелегенциясы қоғамның рухани жандануы ұлттың өзiн -өзi терең тануымен және әрбiр қазақстандықтың шынайы патриоттық сезiмде тәрбиеленуiмен тығыз байланысты екендiгiн мойындап отыр.

Елiмiздiң рухани дамуын жаңғырту идеялары жөнiнде Н.Ә.Назарабаев «Болашаққа көзқарас» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жетiлдiру, жаңалау деп атап өткен болатын. Қазақ ұлтының қайта өркендеуi -санамызда терең ұғынылған тарихи тәжiрибелердi , халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерiн жаңаша дамыту арқылы мемлекеттiң жоғары жетiстiкке жетуiне, халықаралық қоғамдастықтың негiзгi тiрегiне айналуына, ұлттық кодымызды сақтауына негiз болып табылады.

Ел басы өз мақаласында рухани жаңарудың құрамдас бөлiмiнiң аса ерекшелiгi«Туған жер» бағдарламасына басты назар аударған. «Отансүйгүштiк өзiңнiң туған жерiңе, туған аулыңа,қалаңа, өзiңдi қоршаған ортаға, кiшi отаныңа деген сүйiспеншiлiктен басталады».Не себептен кiшi Отаным деймiз? Өйткенi-ол жерде сенiң кiндiк қаның тамып дүниеге келдiң, өстiң,өндiң, өмiр сүрдiң.Әсiресе туған жерге деген,оның мәдениетiне,әдет-ғұрпына,салт-дәстүрiне деген сүйiспеншiлiк қарым-қатынасың отансүйгiштiктiң еңбасты көрiнiсi..

Осы аталғанның барлығы ұлттық мәдени –тектiң коды, ол жеке тұлғалардың жиылысы емес , қандай да болмасын ұлттың нағыз ұлт болып қалыптасыуының түп қазығы.

Талай ақиық ақындар өз өлеңдерiнде туған жерге деген махаббат пен сүйiспеншiлiк туралы терең жырлап өткен. Туған жерiң, елiң алтын бесiк, қымбат қазына екнi рас. Елiңе деген сүйiспеншiлiк адам баласы дүниеге келгеннен бастап,сол жерде өмiрден озғанға дейiн мәңгiлiк бiрге қалады.Тек өзiңнiң Отанға деген сүйiспеншiлiк сезiмiңдi оята бiлсең,ол мәңгiлiк сенiмен бiрге қалыптасады. «Туған жер» бағдарламасы бiзге нақты осы отансүйгiштiктi шынай ұғындыратын алғы сөз iспеттi. Мұрағаттар, ғылыми және тарихи мәдени орталар, өз елiн, жерiн құрметтей бiлуге тәрбиелеу үшiн және оны одан әрi дамытудың кеңейтiлген әлеуеттi орталығы екенi сөссiз.Осы негiзде мұрағатшылар мүмкiндiгiнше өткен тарихымызда сақталған ұлттық құндылықтарды халық арасында насихаттау мақсатында жұмыла ат салысуда.

Ескере кететiн бiр жайт мұрағатшылар алдында халыққа өткен тарихың беттерiн қайта қалпына келтiрiп, еске түсiру үшiн қаншама жұмыстар атқару жауапкершiлiгi жүктеулi.

Ата-бабамыздың тарихындағы жүрiп өткен ұлы жолдарының естелiктерiнiң негiзiнде кейiнгi халық мәңгiлiк, соның негiзiнде ұрпақтар сабақтастығы жалғасады, жаңа заманауи қазақ мемлекетiнiң негiзi берiк бола түседi.«Туған жер» жобасы толығымен тарихшылардың, мұрағатшылардың және өлкетанушылардың кәсiби құзiретене қатысты.Бiздер үшiн бұл жоба, шығармашылық еңбектi жандандырудың басты құралы. Ендiгi жерде мұрағаттағы тарихы терең құжаттарды бұқаралық ақпараттарға, очерктер, мақалалар, суреттемелер жариялау ,жұртшылықтың назарын елдiң,аймақтың, ата-бабаларымыздың өткен тарихына деген қызығушылығын арттыруға мүмкiндiк туғызып отыр.

Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағаты осы жобаны жүзеге асыру мақсатында рухани нәтижелi жұмыстар атқаруда. Жалпы оқырман қауымға мұрағаттағы құжаттар мен деректер бойынша аймақтық және республикалық БАҚ –ға, ағымдағы жылы Ақмола аймағындағы тарихи тұлғалар, мекемелер, ескерткiштер және басқада тарихтың куәсi болған мәлiметтер жөнiнде хабар беретiн мазмұны терең, 27 мақала жарияланып, ұсынылды.Тарихты терең танып бiлуде маңызды iстердi одан әрi, экспозициялық көрмелер, телевизиялық сюжеттер, экскурсиялар ұйымдастырылып тұрады.Үстiмiздегi жылы атаулы және ерекше күндерге аран тақырыптық көрмелер ұйымдастырылд«Ардагерлер –бiздiң мақтанышымыз» Ақмола облысының ардагарлер кеңесiнiң құрылғанына 30- толуына арналды,» Ақмолалық дивизия Ұлы Отан соғысы майданында», Ұлы Отан соғысының 72-жылдығы мерекесiне,суреттқұжаттамалар көрме, «Естелiктердi сақтаушы» Халықаралық Мұрағаттар күнi құрметiне ұйымдастырылды,«Еңбек адамы- өз елiнiң отансүйгiшi» Социалистiк Еңбек Ерi «Ижевский»ПК директорыИ.Д.Жангуразовтың туғанына 80 жыл толу құрметiне ұйымдастырылса,тағыда басқа осындай йгi iстердi атқару одан әрi жалғасуда.

Мемлекеттiк мұрағатта халықтың рухани қазынасын насихаттау астарындарында, отансүйгiштiкке тәрбиелейтiн iс-шараларды атқарудың төмендегiдей негiзi қаланған: дөңгелек үстел, акция, семинарлар, Көкшетау қаласының оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерiнiң назарын аударатын экскурсиялар ұйымдастырылады. Үстiмiздегi жылы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде қаланың жоғары оқу орындарында 33 экскурсия, 18 отансүйгiштiкке тәрбиелеу тақырыбында дәрiстер, сабақтар өткiзiлдi.

Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағаты тарихи деректердi БАҚ-ға жариялау арқылы ең маңызды мәселе — келешек ұрпақтарды,жастарды отансүйгiш сезiмде тәрбиелеуге, ұлттық құндылықты құрметтеуге баулу үшiн өз үлесiн қосуға ат салысып келедi.Мұрағатшылар — өткен тарихты сақтап, жеткiзушi, азғана болсада әрбiр қазақтың азаматының жүрегiнде елге,жерге, өз ұлтының тарихына,ата-бабадан қалған асыл мұраларды құрметтей бiлуге деген сүйiспеншiлiктi, мақтаныш сезiмдi ұялату олардың парызы мен басты мiндетi.«Кiмнiң жүрегi Отаным деп соқса, ең бақытты жан сол болмақ»деген мұрағатшылар мұраты.

Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң

мұрағатшысы Ғ. Назарқызы

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.10.2017 11:02
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ