АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Өзекті мәселелер жөніндегі анықтама

Архив ісі
Ұйымдар мен қәсіпорындар архивтерінде құжаттарды уақытша сақтау мерзімі қандай? Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларына сәйкес құжаттарды келесі уақытша сақтау мерзімдері белгіленді:- облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың астананың) жергелікті мемлекеттік басқару органдарының құжаттары – 10 жыл;
- облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) деңгейдегі мемлекеттік ұйымдарының құжаттары – 10 жыл;- қаланың (ауданның) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құжаттары – 5 жыл;- қалалық және аудандық денгейдегі мемлекеттік заңды тұлғалардың құжаттары – 5 жыл;- азаматтық хал актілерінің жазбалары, шаруашылық кітаптары, үй кітапшалары нотариалдық іс-әрекет жазбалары, жылжымайтын мүлік бойынша орталықтар құжаттары және сот істері мен құжаттары – 75 жыл.
Еңбек өтілін растау үшін архивтік анықтаманы қалай алуға болады?

Ақмола облысының мемлекеттік архивінде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі 2022 жылғы 18 қарашадағы өзгерістерімен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген қағидалардың негізінде: 1) Қызмет көрсету кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ; 3) «Электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жергілікті тұрғындарға көрсетіледі.


Мақаланың шыққан күні: 20.02.2018 14:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.04.2024 18:52